6-сынып; “Қазақ әдебиеті” пәні
2019-2020 оқу жылы
4-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №2
Бөлім: «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»
Тақырып
|
Расул Гамзатов «Ана тілі» өлеңі, «Менің Дағыстаным» әңгімесі
|
Оқу мақсаты
|
6.1.2.1-әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру
6.2.4.1-әдеби көремдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін суреттеп жазу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.
Кейіпкер бейнесін, табиғат көрінісін, оқиға орнын суреттеуде көркемдегіш құралдарды қолданады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану, жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
15-20 минут
|
Тапсырмалар
1. Расул Гамзатовтың «Ана тілі» өлеңінде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсіндіріңіз. Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
2. «Менің Дағыстаным» әңгімесінен өзіңіз суреттеп жазатын жұмысқа байланысты 2 эпитет пен 2 теңеу таңдап алыңыз. Оларды орынды қолданып кейіпкерді немесе табиғат көрінісін суреттеп жазыңыз. Көлемі: 50-60 сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |