А. парацентез, антибактериалды терапия, жергілікті ем (отипакс)
В. көкірек пердесінің КТ
С. котетеризация
D. құлақты өзіндік үрлеу
Е. Поллитцер бойынша құлақты үрлеу
39. 10 айлық бала В., анасының айтуы бойынша 3апта бұрын ортаңғы құлақтың жедел iрiңдi ауруымен ауырған.Амбулаторлы емделген. Анасы оң жақ құлағына және мұрынына дәрі тамызған, ұнтақталған сульфадимезин таблеткасын берген. Нәрестенiң жағдайы кешегi күнге дейiн қанағаттанарлық болған. Бұдан 2 күн бұрын кешке қарай температурасы 37,5°-қа көтерiлiп, iрiң ағу күшейiп, тәбетi жоғалған, ұйқысы нашарлап, басын қозғай берген, ауру құлағына қолын апарады. Дене температурасы 38°.
Объективтi қарағанда: Оң жақ құлақ арты аймағы ісінген, емiзiкше өсiндi тұсында жұмсақ тканьдер қызарған, iсiнген, құлақ түйiнiн басқанда ауырады.Отоскопия: Оң жақ есту жолында жағымсыз иiстi көп мөлшерде iрiңдi бөлiнiс, артқы қабырғасының төмен түсуiнен есту жолы тарылған. Дабыл жарғағы қызарған, ісінген, ерекше белгілері ажыратылмайды. Диагнозы: Жедел іріңді ортаңғы отит. АнтритДәрігердің тактикасы қандай?
А. парацентез
В. мастоидотомия
С. антротомия, антибиотиктер, невропатолог дәрігерінің кеңесі
D. гематолог дәрігерінің кеңесі
Е. ортаңғы құлақтың жалпы қуыстық операциясы
40. Науқас жол апатынан кейін, жедел көмек көрсету машинасымен клиникаға жеткізілді. Шағымы: оң жақ құлақтан қан кетуге, ликвория, естудің төмендеуіне, бас айналуға, құсуға.Қарағанда: оң жақ құлақтың есту жолы кең, ұйыған қанмен жабылған, сыртқы есту жолының сүйекті бөлігінің жоғарғы қабырғасының терісі және дабыл жарғағы зақымданған. Сыбырлап сөйлегенді құлақ қалқаны тұсынан естиді.Дәрігердің әрекеті қандай?
А. емізікше өсіндінің және бас сүйегінің ретгенографиясы, нейрохирургтің кеңесі
В. терапевт дәрігерінің кеңесі
С. алдыңғы риноскопия
D. тура емес ларингоскопия
Е. орофарингоскопия
41. Отоскопияға қажетті инструметті атаңыз
А. құлақ воронкасы
В. құлақ пинцеті
С. мұрын айнасы
D. көмей айнасы
Е. мұрын-көмей айнасы
42. Артқы риноскопияға қажетті инструмент
А. құлақ воронкасы
В. құлақ пинцеті
С. мұрын айнасы
көмей айнасы
Достарыңызбен бөлісу: |