10 нұсқа
1. VII ғасырдағы Қытай жол көрсеткіш кiтапшасында «Ақ өзендегi қала» деп көрсетiлген қала:
Сауран
Жент
Ашнас
Науакент
Испиджаб
2. 1756 ж. Бөгенбай бастаған қазақ жасағының Шідерті өзенінің бас жағында Цин әскерлерін жеңіліске ұшыратқан шайқасы:
Ақбұлақ шайқасы
«Қалмақ қырылған»
«Шүршіт қырылған»
Орбұлақ шайқасы
Ойрантөбе
3. Орталық Қазақстан мен өзге де өңірлерде ежелгі заманда кен қазған кен орындарының саны:
300-ге жуық
600-ге жуық
400-ге жуық
500-ге жуық
200-ге жуық
4. 1993 жылы жүзеге асқан ұлттық маңызы бар тарихи оқиға:
Қазақстанда алғаш алтынның өндірілуі
Ұлттық валюта теңгенің енгізілуі
Жекешелендірудің бірінші кезеңінің басталуы
Қазақстанда алғаш біріккен кәсіпорынның құрылуы
Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі
5. Балтық флотындағы қызыл тулы «Киров» крейсерінде жауынгерлік сапта тұрған қазақстандықтар саны:
165
118
146
130
156
6. Жошы елшi жiберіп, қантөгіссіз алған қала:
Жент
Ашнас
Сығанақ
Отырар
Сайрам
7. ХІХ ғ. соңы –ХХ ғ. басында түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған мәдени-ағартушылық қозғалыс:
Жәдитшілдік
Сунниттік
Сопылық
Протестанттық
Ренессанс
8. Ахеменидтер патшасы Кир б.з.б. 530 жылы жорық жасаған ел:
Мидия
Бактрия
Массагеттер
Вавилон
Грекия
9. Н.Ә.Назарбаев Қазакстанды 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына жеткізу міндетін айқындап берді:
2012 жылы желтоқсанда
2013 жылы желтоқсанда
2011 жылы желтоқсанда
2014 жылы желтоқсанда
2010 жылы желтоқсанда
10. Қазақстанда тың игеру жүзеге асырылды:
XX ғ. 80-90 жылдары
XX ғ. 30 жылдары
XX ғ. 40 жылдары
XX ғ. 50-60 жылдары
XX ғ. 70-80 жылдары
БАРЛЫБЕК СЫРТАНОВ
«Алаш» бағдарламалық құжаттары даярланғаннан бірнеше жыл бұрын, 1911 жылы шығыстанушы және публицист Барлыбек Сыртанов «Қазақтар елінің жарғысы» атты құжат жобасын әзірледі. Б.Сыртанов Бүкіл қазақтық съезд шақырылуын жақтады. Ол қазақтарға орыс үкіметі тартып алған жерлерді қайтарып беру мәселелерін шешуі және қазақтар мен орыстардың тең құқықтарын жариялауы тиіс болды.
Ә.Бөкейханның автономиялық бағдарламасынан айырмашылығы Б.Сыртановтың Жарғысы (Конституция жобасы) Қазақстанның Ресей құрамынан шығуын және тәуелсіз Қазақ Республикасын құруды көздеді. Жарғының негізгі идеясы Қазақстанның саяси тәуелсіздікке автономия ретінде емес, Ресей империясының доминионы ретінде ие болуы еді. Қазақстанның сыртқы саясатта Ресей қамқорлығында қалуы, ал ішкі саясатта толықтай дербес болатыны ұйғарылды. Жарғы баптарының бірінде тәуелсіз Қазақстанда биліктің үш дербес тармағы: заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі болатыны көрсетілген. Жарғы сот билігінің тәуелсіздігіне ерекше назар аударды. Жарғыда заң алдында барлық адамның теңдігі мен жекеменшікке құқығы туралы либералдық қағидалар болды. Жарғының кейбір ережелері «Алаш» бағдарламасына енгізілді.
11. Барлыбек Сыртановтың қазақ тарихындағы орны:
Қазақ жүздерінің шежірелерін бірінші болып жазып қалдырған
Қазақ жеріндегі бірінші мектепті ашты
Бірінші қазақ Конституциясының жобасын құрастырған
Кеңес Одағының Батыры атағын алған бірінші қазақстандық жауынгер
Бiрiншi қазақша Қазақстан тарихынан оқулығының құрастырушысы
12. Барлыбек Сыртановтың «Қазақтар елінің жарғысы» атты құжат жобасы әзірленген жыл:
1911 жылы
1912 жылы
1914 жылы
1917 жылы
1921 жылы
13. Б.Сыртанов Жарғысының «Алаш» партиясы бағдарламасынан айырмашылығы:
Ұлттық-либералдық бағытта болды
Тәуелсіз Қазақ Республикасын құруды көздеді
Әйел адамның білімге, сайлауға құқылы болуы.
Шариғат жолын қуды
20 бөлімнен тұрды
14. Жарғының кейбір ережелері «Алаш» бағдарламасына енгізілді.
15. Барлыбек Сыртанов «Қазақтар елінің жарғысына» қатысты бұрыс дәйекті анықтаңыз:
І. Барлық адамдардың жекеменшікке құқығы қатаң сақталды.
ІІ. Биліктің үш дербес тармағы: заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі болатыны көрсетілген.
ІІІ. Қазақстанның саяси тәуелсіздікке Ресей федерациясы құрамындағы автономия ретінде ие болуы көрсетілген
IV. Барлық адамның заң алдында теңдігі жарияланды
V. Қазақстан саяси тәуелсіздікке Ресей империясының доминионы ретінде ие болуы
I
ІІ
III
IV
V
11 нұсқа
1. «Лазурит жолы» немесе «нефрит жолы» қолданылған кезең:
б.з.б. 3–2 мыңжылдық
б.з.б. 4–3 мыңжылдық
б.з.б. 5–4 мыңжылдық
б.з.б. 2–1 мыңжылдық
б.з. 1 мыңжылдықтың ортасы
2. 1783 ж. қарай Ресейдің әскерлері жаулап, өмір сүруін біржолата тоқтатты:
Қырым хандығының
Қазақ хандығының
Хиуа хандығының
Қоқан хандығының
Бұқар хандығының
3. Маргиандықтардың Тәжікстан тауларына бейімделуі нәтижесінде пайда болған мәдениет:
Атбасар мәдениеті
Сақ мәдениет
Вахш мәдениеті
Сармат мәдениеті
Ботай (Ботай-Терсек) мәдениеті
4. XX ғасырдың 20-30 жылдарында қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған:
Ұжымдастыру саясаты
«Әскери коммунизм» саясаты
Ақпан, Қазан төңкерісі зардаптары
Бірінші дүние жүзілік соғыс
Жаңа экономикалык саясат
5. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда ашылған оқу орны:
Қазақ педагогикалық институты
Қазақ мемлекеттік университеті
Алматы медициналық институты
Қазақ мемлекеттік қыздар институты
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты
6. Қазақстан тайпаларының келбетiне монғол өңдес белгiлерінің ене бастау себебі:
ғұндардың қоныс аударуы
монғол шапқыншылығы
сақтардың қоныс аударуы
қаңлылардың қоныс аударуы
маньчжурлар шапқыншылығы
7. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж қорында сақталған қазақтың дәстүрлі саз аспабы:
дудыға
даңғыра
асатаяқ
дауылпаз
домбыра
8. Дарий әскерінің қатарындағы «он мың ажалсыздың» құрамында болған тайпалар:
сақтар
ғұндар
қаңлылар
үйсіндер
соғдылар
9. Е.Бекмахановтың Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісі жайында жазылған монографиясы:
«Түркістанның қилы тағдыры»
«Аласапыран»
«XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан»
«Көшпенділер»
«Ресей империясының отарындағы Қазақстан»
10. XX ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстанда тың игерудің басым көпшілігі жүзеге асырылған облыстар:
Ақмола, Көкшетау, Ақтау, Солтүстік Қазақстан
Көкшетау, Павлодар, Ақмола, Алматы
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Көкшетау
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шымкент, Көкшетау
Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар
«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ұғымы
«Орталық Азияның» саяси-географиялық мәні
Қазіргі кезеңде Орталық Азия саяси-географиялық аймақ ретінде бес мемлекетті: Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстанды қамтиды. 1991 жылы КСРО ыдыраған соң, аталған мемлекеттер мен Ресейде «Орталық Азия» ұғымы қолданыла бастады.
Орта Азия, Түркістан және Дала өлкесі.
Бүгінде Орталық Азия аталып отырған аймаққа қатысты КСРО кезеңінде « Қазақстан және Орта Азия» деген ұғым қолданылды. Қазақстан «Орта Азияға» енген жоқ, өйткені ол жеке экономикалық аймақ болды.
Ресей империясы кезінде «Орта Азия» ұғымы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы барлық далалы жерді қамтыды. Сондай-ақ оған Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы да қосылды. «Орта Азия» ұғымы «Түркістан» ұғымымен қатар қолданылды. Сол тұста Қазақстан өлкесі батыстағы Орал мен Торғай облыстары (1881 жылға дейін Орынбор генерал-губернаторлығына енді) мен шығыстағы «Дала өлкесі» – Дала генерал-губернаторлығына бөлінді, яғни «Түркістан өлкесіне» енбеді.
«Орталық Азия» ұғымының физикалық-географиялық мағынасы.
«Орталық Азия» ұғымының кең ауқымдағы физикалық-географиялық мағынасы Қазақстан мен өзге де ортаазиялық мемлекеттердің, сонымен қатар Моңғолия, Солтүстік-Батыс Қытай, Ауғанстан, Солтүстік-Шығыс Иран, Поволжье, Орал және Оңтүстік Сібір аумақтарын қамтиды.
11. КСРО кезеңінде Қазақстанның «Орта Азия» деген саяси-географиялық аймағына енбеу себебі:
жеке экономикалық аймақ болды
климатындағы айырмашылық
«бөліп ал да билей бер» саясаты
халқының тығыздығы жоғары болды
халқының ала-құлалығы
12. Ресей империясының Орта Азиядағы иеліктері алған атау:
«Мауараннахр»
«Ұлы Азия»
«Түркістан өлкесі»
«Жетісу өлкесі»
«Арал мен Балқаш»
13. «Орталық Азия» ұғымы кең қолданыла бастады:
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
КСРО ыдырағаннан кейін
ТМД құрылғаннан кейін
Хиуа, Қоқан, Бұқара хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін
14. Бүгінде Орталық Азия аталып отырған аймаққа қатысты КСРО кезеңінде қолданылған ұғым:
«Қазақстан және Орта Азия»
«Дешті Қыпшақ жері»
«Кіші Азия»
«Дала генерал-губернаторлығы»
«Ішкі Азия»
15. Мәтін бойынша дұрыс дәйектерді анықтаңыз.
I. Орталық Азия аймағындағы өзендерге Жайық, Ембі, Сырдария, Әмудария, Шу, Іле өзендері жатады.
II. «Орталық Азияның» физикалық-географиялық ұғымының ауқымы оның саяси-географиялық ұғымы ауқымынан әлдеқайда тар.
III. «Орталық Азияның» физикалық-географиялық ұғымының ауқымы оның саяси-географиялық ұғымы ауқымынан әлдеқайда кең.
IV. Орталық Азия саяси-географиялық аймақ ретінде бес мемлекетті: Әзербайжан, Армения, Түркия, Дағыстан және Грузияны қамтиды.
І, IV
I, III
III, IV
II, IV
IІ, IІІ
12 нұсқа
1. Қыпшақтардың славян тайпаларымен қатынастарын сипаттаған ғалым
А.Панкратова
Щербина
С.Г.Кляшторный
В.А. Пархоменко
С.О.Асфендияров
2. 1756 ж. «Шүршіт қырылған» шайқасы өткен жер:
Жайық бойында
Балқаш көлі маңында
Ыстық көл маңында
Сыр бойында
Шідерті бойында
3. Еуразия даласында дөңгелекті арбалар жасала бастады:
Б.з.б. III мыңж. соңында.
Б.з.б. II мыңж. соңында
Б.з.б. I мыңж. басында
Б.з.б. IV мыңж. басында
Б.з.б. IV мыңж. ортасында
4. Қайта құру кезеңінің негізгі оқиғасы:
Жаппай міндетті сегіз жылдық білім берудің енгізілуі
Теміртаудағы оқиғалардың болуы
Н.Назарбаевтың Қазақстан КП ОК І хатшысы болып сайлануы
Кеңестік соңғы Конституцияның қабылдануы
Мәскеуде «Жас тұлпар» атты қазақ жастарының ұйымының құрылуы
5. «Қазақ» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған алаш зиялысы:
Әлімхан Ермеков
Мағжан Жұмабаев
Жақып Ақбаев
Мұхаметжан Тынышбаев
Ахмет Байтұрсынов
6. Әбілқайыр ханның өлімінен кейін «Өзбек хандарының иелiктерiнде берекесіздік пайда болды», – деп жазды
Әл-Омари
Әбілғазы
Ибн Рузбихан
Әл-Макдиси
Ж.Баласағұн
7. 1932 ж. Талас алқабы өңірінен табылған, ертеде қолданылған руна жазулы аспап:
қобыз
асатаяқ
даңғыра
асатаяқ
дауылпаз
8. Ең алғашқы екі доңғалақты әскери арбаның мерзімі:
б.з.б. X–VIII ғасырлар
б.з.б. XІX–XVI ғасырлар
б.з.б. XX–XVIII ғасырлар
б.з.б. XV–ХIII ғасырлар
б.з.б. XІV–XVII ғасырлар
9. 1980 жж. соңында құрылған антиядролық, экологиялық қозғалыс:
«Видергебурд»
«Желтоқсан»
«Азат»
«Арал-Балқаш»
«Невада - Семей»
10. «Қарағанды» романының авторы:
Ғ.Мұстафин
Е.Алтынбеков
Ғ.Мүсірепов
Б.Майлин
Қ.Қуанышев
СТОЛЫПИН РЕФОРМАСЫ
В.К.Никольский: «Далалық өлкеге қоныстанушы шаруаларды орналастыру барысында оларға шұрайлы жерлер, көбінесе қазақтардың қоныстанған қыстаулары бөлінетін... Қазақтарды жерінен айырып, қоныстарын тастап кетуге мәжбүрледік».
А.Н.Куропаткин : «Қырғыздар (қазақтар) 30 жыл, әсіресе соңғы 12 жыл бойы барлық бағытта қысым көрді. 1904 жылдан бастап Жетісу облысынан ғана бірнеше миллион десятина жер тартып алынды»
Б.Қаратаев: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі атақоныс жерлерінен ғана емес, жекеменшік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».
11. Қазақтардан тартып алынған жерлердің басым бөлігі:
Оңтүстік Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Солтүстік Қазақстан
Батыс Қазақстан
Орталық Қазақстан
12. Орыс шаруаларын Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныстандыру саясаты:
Батеньков реформасы
Сперанский реформасы
Столыпин реформасы
Куропаткин реформасы
Паллас реформасы
13. Мәтінде қөрсетілген мәселе:
Аграрлық
Мәдени
Діни
Ағартушылық
Саяси
14. Мәтін бойынша орыс шаруаларын қоныстандыру саясатының зардаптарының ішінен қатені табыңыз:
Қазақстандағы қазақтардың үлесі айтарлықтай кеміді.
Қазақтар өз баспаналарынан айырылды.
Мал шаруашылығы құлдырады.
Қазақтар жаппай кедейленіп, жатақтарға айнала бастады.
Қалалар саны жоғары қарқынмен өсті.
15. Столыпин аграрлық реформасының мақсаты:
Шаруаларды қоныстандыруды тоқтату
Теміржолдар салу
Тартып алынған жерлерді қайтару
Шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту
Өлкеде өнеркәсіп орындарын салу
13 нұсқа
1. VII–VIII ғасырлардың Қыпшақ тарихындағы орны:
Батыс Түрік қағанаты құрамындағы кезең
Қимақ қағанаты құрамындағы кезең
дербес Қыпшақ хандығы
Әбілқайыр хандығындағы кезең
Қазақ мемлекетінің құрылуына негіз болған кезеңі
2. Кіші жүздің Еділ және Жайық өзендері аралығындағы рулары біріктірілген Бөкей Ордасы өмір сүрген жылдары:
1844–1875 жж.
1821–1864 жж.
1838–1873 жж.
1801–1845 жж.
1815–1856 жж.
3. Ботай қонысы өмір сүрген мерзім:
б.з.б. 3400–2800 жылдары
б.з.б. 3200–2600 жылдары
б.з.б. 3000–2400 жылдары
б.з.б. 2800–2200 жылдары
б.з.б. 3700–3100 жылдары
4. 1905-1907 жылдары орыс революциясының қазақ еңбекшілеріне әсері:
бүкіл қазақ халқы патшаға қарсы кетеріліске шықты
Ұлттық «Алаш» партиясы құрылды
жергілікті өзін-өзі басқару органдары құрылды
жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген бас көтерулері болды
ұлт-азаттық кетерілістің басталуына түрткі болды
5. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциялары қабылданған жылдар:
1991, 1992 жж.
1994,1996 жж.
С) 1996, 1998 жж.
1993, 1995 жж.
Е) 1992,1994 жж.
6. Мұхаммед Шайбани әскерi жеңiлiп, оның өзi өлтiрiледi:
1507 ж. Сығанақ түбінде
1510 ж. Мерв түбiнде
1504 ж. Сауран маңында
1506 ж. Сарайшықта
1500 ж. Отырарда
7. Түпнұсқа үлгісі алғаш рет 1970 ж. Тараз қаласы орнынан табылған көне саз аспабы:
дудыға
асатаяқ
дүңгіршек
дауылпаз
жетіген
8. С.Толыбековтің қазақтардың көшпелі өркениеті туралы тарихи-этнографиялық еңбегі:
«Қазақтардың XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы»
«Қазақтың жайылымды-көшпелі қоғамы»
«XVII–XX ғасырлардың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы»
«Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы»
«Қазақтардың көшпелі өркениеті»
9. Қазақстанда шаруаларға салықтың тек ақшалай түрі енгізілді:
1925 жылы
1921 жылы
1926 жылы
1924 жылы
1922 жылы
10. Қазақстан аумағында Неміс автономиялық облысын құру жөніндегі шешім қабылданған уақыт:
1979 ж. көктем
1989 ж. жаз
1978 ж. көктем
1975 ж. қыс
1968 ж. көктем
1916 ЖЫЛҒЫ КӨТЕРІЛІС
Әлихан Бөкейхановтың «Тағы соғыс» мақаласынан: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?»
Ұлттық-либералдық бағыттағы Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы, А.Байтұрсынов 1916 жылғы қазандағы үндеу хатында: «Тыңдаңыздар, қан төкпеңiздер, қарсыласпаңыздар».
А.Ф.Керенский: «60 жастағы шалдардың 30 жаста болып жазылғандығын, ал байдың балаларының 25-30 жастағылары 50-де деп жазылғандығы орыс шенеуніктері мен жергілікті қазақ әкімсымақтарының парақорлығы»
М.Дулатов: «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндiз күлкiден айырылды»
11. Картаның көмегімен 1916 жылғы көтерілістің басты ошақтарын анықтаңыз:
Орал, Ақмола
Сырдария, Астрахань
Торғай, Жетісу, Ақмола
Сыртқы Каспий облысы
Тобыл губерниясы
12. М.Дулатовтың «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндiз күлкiден айырылды», - деп айтуына негіз болған жағдай:
Столыпиннің аграрлық реформасы
1916 жылдағы 25 маусымдағы патша жарлығы
Екінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Қоныстандыру саясаты
13. Мәтін бойынша Ә.Бөкейханұлы мен өзге ұлттық-либералдық бағыттағы зиялылардың көтеріліске байланысты көзқарасына қатысты қате тұжырымды анықтаңыз:
Патша өкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді
Елді қантөгістен сақтауға тырысты
Күрестің бейбіт саяси әдістерін жақтады
Қазақ халқының қырғынға ұшырайтынын білді
Елді қарулы күреске шығуға шақырды
14. 1916 жылғы көтерілістің бір себебі ретінде жергілікті қазақ әкімсымақтардың парақорлығын атап өткен Саратов губерниясының депутаты:
А.Керенский
Т. Седельников
Н.Скалозубов
Г.Колпаковский
Крыжановский
15. Мәтін бойынша 1916 жылғы көтеріліс себептерінің бірі болған, Ә.Бөкейханұлы сынаған соғысты анықтаңыз:
Ресейдің Осман империясымен соғысы
Ресейдің Франциямен соғысы
Екінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Рсейдің Амур жағалауларындағы соғысы
Достарыңызбен бөлісу: |