Рецептте сыртқа қолдануға арналған күрделі дозаланбаған ұнтақ берілген.
Жазылым құрамына қиын ұнтақталатын зат (ментол) және жартылай фабрикат (мырыш тотығы+тальк бірдей мөлшерде) кіреді. Берілген дәрілік заттар бір-бірімен сыйымды.
Технология ерекшеліктері: қиын ұнтақталатын затты ұсату үшін 10 тамшы этил спирті 95% қолданылады. Технология: Келіге 0,15 г ментолды өлшеп салып, оған 95% этил спиртінен 10 тамшы қосады. Спирттің толық булануына дейін ұнтақтайды. Этил спирті ажыратқыш болады. Ең соңында 10 г жартылай фабрикатты қосып, мұқият араластырады,біркелілігін тексереді. Орамдау: дайын сеппені бұралатын қақпағы бар шыны құтыда босатады.
Безендірілуі: дәрілік түрді сары түсті «Сырт тәнге» этикеткасымен безендіреді.
Сапасын бағалау:
-жазба түрінде. Жалпы массасын дайындағаннан кейін беткі жағы толтырылады.
Дата ППК №
Mentholi 0,15
Spiritus aethylici 95% gtt X
Zinci oxydi 10
Talci ana
Mo=10,15
-органолептикалық (дәм,түс,иіс)
- босатар кезде бақылау
-физикалық
-химиялық
-опрос түрінде
Сақтау мерзімі 30 тәулік
23. Возьми: Раствора колларгола 1% 20 мл
Дай. Обозначь. По 2 капли в правое ухо 3 раза в день
Колларгол/Collargollum-металдық жылтыры бар жасыл қара немесе көк қара пластинкалар. Суда коллоидты ерітінді түзіп ериді. Күн түспейтін,жақсы қымталатын
қара шыны ыдыста сақтау керек. Б тізіміне кіреді.
Тазартылған су/aqua purificata- иіссіз,дәмсіз, түссіз мөлдір сұйықтық.
Технологиясы: Тазартылған судың 10мл мөлшерінде 0,2г колларголды қосымша ыдыста ерітіп алып, оны алдын ала жуылған фильтр арқылы босататын құтыға сүзіп, осы фильтр арқылы қалған 10мл тазартылған суды сүзеді.
Орау және безендіру: қара шыны ыдысқа құйып, сыртын “Сырт тәнге” деген негізгі сары этикаткамен, “Абайлап қолдан” “Балалардан сақта” деген ескерту этикеткалармен безендіреміз. Науқасқа сигнатура беріледі. Рeцепт есеп үшін дәріханада қалады.
Бақылаудың міндетті түрлері
Жазбаша.Дайындап болғаннан кейін, алдыңғы бетін жадымен толтырады
Күні ЖБП №
Aqua purificatae 10ml
Collargolum 0,2
Aqua purificatae 10ml
V0=20мл