1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар



бет10/58
Дата19.03.2022
өлшемі191,96 Kb.
#136380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)
жылдық жоспар, ТАРИХ
33. Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар.
33. Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар.
Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны - 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды.
Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығының үштен бірінен айрылды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн.365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация).
Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет