1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Н.Хрущев реформасының тиянақсыздығы және ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі



бет15/58
Дата19.03.2022
өлшемі191,96 Kb.
#136380
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Байланысты:
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

38. Н.Хрущев реформасының тиянақсыздығы және ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі.
38. Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертіліп, тарихи ұлттық санаға шек қойылды.
Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның ХХ съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет – астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Осыған сай 60-шы жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25 млн. гектарға жетті. Тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демографиялық жағдайды одан әрі күрделендіріп, бұрынғы Кеңестер Одағының Европалық бөлігі үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды. Өйткені, сол кездің өзінде-ақ Одақтың европалық бөлігінде жылдан жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше, өсіп отырған болатын. Осы ерекшеліктер ескерілмей, онсызда саны кеміп отырған европалық аудандардан тек 1954-1962 жылдары ғана Қазақстанға 2 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің, Украинаның және т.б. республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды. Екінші жағынан 20-30-шы жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы, енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты, 1959 жылы санақ бойынша үлестік салмағы 30%-ке дейін төмендеп кетті. Сөйтіп, Кеңестік Республикалар ішінде Қазақстанда ғана қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған ұлт болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет