1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


ХХ ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы



бет35/58
Дата19.03.2022
өлшемі191,96 Kb.
#136380
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Байланысты:
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

56. ХХ ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы.
1989 жылы «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы құрылды. «Әділет» қоғамы-сталиндік репрессия құрбандарын ақтау ісімен, тарихи шындық пен әділеттілікті қалпына келтіру қызметін атқарумен айналысып келе жатқан қоғам.
Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың еркін жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Мысалы, 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. Бұл партияның алдына қойған басты мақсаты – республикалық парламент сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Сондай-ақ, партия қоғамдағы жеке меншікті мойындады және өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап отыруды көздеді.
1990 жылы Қазақстанда «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті қорғау болды. Одан басқа республикада «Алаш», «Желтоқсан», т.б. саяси қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптаса бастағанын көрсетті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет