Байланысты: 1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)
81.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар. Тәуелсіздік Қазақстанның рухани өміріне ұлан-ғайыр өзгерістер әкелді. Ең әуелі атап көрсететін мәселе, ұзақ жылдар бойы отаршылдық бұғауында болған қазақ тарихы қайта жаңғырды. Қазақ тарихының бұрын аз зерттелген немесе мемлекет тарапынан тыйым салынған кезеңдері оқырман қауымға жетіп, жаңа рухани негіздің іргесі қалана бастады. «Қазақстан тарихы» мектептер мен жоғарғы оқу орындарында арнайы пән есебінде оқытылатын болды. Кез келген халық өсіп тұрған ағаш сияқты, ал халықтың тарихи оның тамырына ұқсайды. Тамыр неғұрлым тереңге барса, соғұрлым ағаштың алатын нәрі де көп болмақ.
Егеменді Қазақстанның алғашқы қадамдарынан бастап біздің мемлекеттігіміздің тарихи-мәдени өткеніне ден қою басталды.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы – мәдениеттердің үнқатуы, өзара түсіністігі» және жақындасуы» халықаралық бағдарламасын іске асыру туралы шешімін әлем жұртшылығы жылы қабылдады.
1996 жылғы шілдедегі тарихи-этнографиялық экспедиция жасақталды, оның жүріп өткен жолы Ұлытаудан Үстіртке дейін көш тартты, бұған қоса Жезқазған, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарын қамтыды. Экспедиция өз жеріміздегі ата-бабаларымыздың дәстүрлі мәдениеті мен дүниетанымын насихаттауды, Қазақстан аумағын ежелгі заманнан жаңа заманға дейін мекендеушілер мұрасының әлемдік мәніне жұртшылықтың назарын аударды, еліміздің мәдени өткенінің жетістіктері мен тағылымын игеруге жәрдемдесуді негізгі мақсат етті. Экспедиция мүшелері көптеген тарихи-мәдени ескерткіштерде болып, іс жүзінде олардың бүгінгі жай-күйімен танысты, олардың арасында Домбауыл, Дүзен, Абат Байтақ, Есет батыр, Исатай, Маханбет, Құрманғазы, Қазанғаптың, Маңғыстаудағы барлық белгілі әулиелер мен батырлардың кесенелері бар. Республика Үкіметі Жошы және Алаша хандардың кесенелерін қалпына келтіруге 60 миллион, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге 40 миллион теңге бөлді. Бүгінгі күні осы қалпына келтіру жұмыстарының көбі ойдағыдай аяқталды.