Ұлттық интеллигенцияның екінші тобы Түркияны бағыт еткен мұсылмандық қозғалыс өкілдерінен тұрды, осы үшін оларды Бөкейханов түркіфилдер деп атады .Бұл топқа тек молдалар, имам, қожалар ғана емес, демократиялық бостандық үшін, бірінші кезекте ар бостандығы және патшалық Ресейдің отарлық езгісіне, оның қазақтарды орыстандыру мен күштеп шоқындыру саясатына қарсы күрескен ұлттық интеллигенция өкілдері де кірді.
Орыс зиялы қауымымен салыстыра отырып, Бөкейханов бірінші бағытты «Батыстықтар» деп, екіншісін «Түркіфилдер мен панисламизмді жақтаушылар» деп атады.
Бұл екі топ 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң ерекше белсенділік танытты.