1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу қиындықтары және нәтижесі



бет89/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

66.Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу қиындықтары және нәтижесі.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін ic бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары қүрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақүрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кэсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ipi корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика қүруда біршама жүмыстар атқарылды.
Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, эдіс-тэсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тэн, оның үлттық бітіміне, тарихына дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры үсынған "есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі жэне өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс болатын Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кэсіпорындардың үлесі өсіп, бэсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмай- тыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. ¥лттық банк ақша жүйесін, ақша айна- лымын, оның ішкі жэне сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жүмсап, aca жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық заңды бүзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бүлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жүмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мүнайдың, мүнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген үранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде эр кәсіпкер, эр кәсіпорын ең жоғары таза пай­да алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті.Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған ic — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бүл қадам нарық субъектілерін қүру түрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру түрғысынан да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет