67. Есептеу техникасының даму тарихы Компьютерді ойлап шығарғанға дейін де адамдар есептеу құрылғыларының көптен түрін жасаған. Шамамен б.д.д 3000 жыл бұрын алғашқы санау құралдары пайда бола бастаған. Олар әр елде әртүрлі аталатын еді: абак, орыс шоттары, жапон соробоны болды. Римдік абак- ойып алынған жолақтары бар мәрмәр тақтасы болып табылады. Санау үшін осы жолақтарға салынған мәрмәр шариктер қолданылған. Шоттар деп аталатын құрал XX ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді. Шотта қосу және алу амалдарын орындау ыңғайлы болды.