65. Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жад Кез келген шаманы мәтін түрінде анықтау үшін, ол шаманың өлшем бірлігін анықтап алу керек. Мысалы, ұзындықтың өлшем бірлігі метр болса, ол масса-килограммен, граммен, және т.б. өлшемдермен өлшенеді. Компьютер-электрондық мәшине. Ол тек электр сигналдарын қабылдайды. Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе, сан дыбыс немесе бейне) сигналдар түрінде тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.