Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Автоматтандыру және басқару кафедрасы
№ 1 зертханалық жұмыс бойынша
ЕСЕП БЕРУ
Пәні: «Автоматика құрылғылары мен элементтері»
Тақырыбы: «Дискреттік сигналдардың логикалық түрленуі»
Мамандығы: 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару»
Орындаған: Қамидолла Ерасыл Тобы: АУ(АИСУ)к 18-1
Тексерген: аға оқытушы Калышев Н.Н
____________ ____________ «___» _____________ 2023 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2023
Жоспар:
1. «Дискреттік сигналдардың логикалық түрленуі» зертханалық стендіне қысқаша сипаттама;
2. Асинхронды электр қозғалтқыш;
3. Реле;
4. Бақылау сұрақтары;
5. Қорытынды.
Зертханалық жұмыс № 1. Дискреттік сигналдардың логикалық түрленуі
«Дискреттік сигналдардың логикалық түрленуі» зертханалық стендінің сипаттамасы:
- Стендте модульдер жиынтығы орнатылған. Жоғарғы бөлігінде позициялық датчиктің ажыратқышы бар атқарушы тетік орналасқан;
Стендтің сол жақ төменгі бөлігінде:
- «Қорек көзі» модулі (модуль «Источник питания»);
- «Орнату өрісі» модулі (модуль «Поле набора»);
- «Атқарушы механизм» модулі (модуль «Исполнительный механизм»);
- «Уақыт релесі» модулі (модуль «Реле времени»).
«Қорек көзі» модулінде «220» деп белгіленген қорек көзін іске қосатын розетка бар. Оның жанында «Вкл./Выкл.» деген жазулармен көрсетілген қосқыш орнатылған. Модульдің жоғарғы бөлігінде «Предохранитель» деп белгіленген сақтандырғыш орналасқан. Сақтандырғыштың жанында қорек көзіне қосылғанын анықтайтын светодиодты индикатор бар.
1 сурет – «Қорек көзі» модулі
«Поле набора» модулі қызыл «А» белгісімен белгіленген фазалық қосқыш шиналарын, «H» белгісімен қара түспен белгіленген бейтарап байланыстырушы шина клеммаларын, сондай-ақ фаза мен бейтарап шиналар арасында орналасқан аралық байланыстырушы шинаның клеммаларын қамтиды.
2 сурет – «Поле набора» модулі
Модульдің төменгі бөлігінде редуктор (RD) арқылы басқару клапанымен басқарылатын асинхронды үш фазалы электр қозғалтқышынан (АМ) тұратын жетектің қозғалыс сызбасы бар. Механикалық шекті ажыратқыштар (VK «MAX» және VK «MIN») редуктор осінің шығысында қосылады, бұл бұрылу бұрышында шектеулер бар басқару клапандарының зақымданудан қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электр позициясының датчигі редуктор осімен байланысқан.
Технологиялық схеманың кірісінде асинхронды электр қозғалтқышты іске қосатын кіріс клеммалары орнатылған және А1, А2, Н белгілерімен көрсетілген.
3 сурет – «Исполнительный механизм» модулі
Стендтің жоғарғы оң жақ бұрышында OMRON MY2NJ типіндегі 4 реле (К1 – К4) орналасқан. Релелерде басқару катушкасы және ауыстыру контактілерінің 2 тобы бар.
4 сурет – «Реле времени» модулі
Достарыңызбен бөлісу: |