№1 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы


Өз бетінше орындайтын тапсырмалар



бет29/30
Дата16.10.2019
өлшемі13,37 Mb.
#50046
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
0008cbfd-1691e756


Өз бетінше орындайтын тапсырмалар:

Төмендегі мәліметтерді Интернеттен тауып бумаға сақтаңыз:

1. Өзіңіз оқитын университеттің сайтын ашып, ректор туралы мәлімет алу керек.

2. Қазақстан Республикасының әнұран мәтінін тауып көрсетіңіз.

3. Республикалық «Жас алаш» газетінің серверін тауып көрсетіңіз

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минимтрлігінің серверін тауып көрсетіңіз.

5. Қазақстан Республикасының өңірлерінің ауа-райын шығару керек(ағымдағы аптаға).

6. Өзіңізге ұнайтын актер немесе актрисаның өмір баянын іздеп табу керек.

7. ҚР гербінің суретін тауып, бумаға сақтаңыз.

8. Өзіңіздің туған жеріңіз туралы ақпаратты табыңыз.

9. «Психология» пәні бойынша рефераттар тізімін табу керек.

10. «Информатика» пәні бойынша электрондық оқулық табу қажет.


11. Жеке электрондық поштаңызды құрыңыз.

12. Осы ақпараттарды құрылған поштаңыздан оқытушы поштасына жіберіңіз.

Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Антивирустық бағдарлама. Архивтеу және архивтен шығару.
Жұмыстың мақсаты: Дербес компьютерді вирусқа тексеру әдісін үйрену. Бумаларды архивтеу және архивтен шығару әдісін үйрену.

Жұмыстың мазмұны:
1. Антивирустық бағдарлама.

Компьютерлік вирус-арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдында қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі.



Қазіргі кездегі вирустар екі топка бөлінеді:

  • Резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

  • Резиденттік емес вирустар.

Вирустар мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:

1. Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтілулері (заты) .com және .exe болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасайды. Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егерде олар AUTOEXEC.BAT және CONFIG.SYS арқылы іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.

2. Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар «жүктегіш» (загрузочная) немесе Boot -вирустар деп аталады. Мұндай вирутар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұндай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы өте шағын көлемнен тұрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналасы алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметтер кластерлеріне жазылып қалады.

3. Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG.SYS файлының шеткері құрылғылар көрсетілетін Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйвердщі бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болатындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелік файлдарына (MS DOS.SYS және IO.SYS) да вирус жұқтырылуы теория жүзінде мүмкін болғанымен, олардың таарлуы іс жүзінде өте сирек кездеседі. Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана «жұғады». Көбінесе бірден орындалатын файлдарға «жұғатын» вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.

4. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар. Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша DIR-вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы кластеріне) жасырын жазып қояды да, Оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (FAT) файлдың соңы ретінде белгілейді. Барлық .COM және .EXE типті файлдар үшін – каталогтағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш – таңбаланған (кодталған) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол тұрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін DOS программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері білінбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қосылғанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай «ауырған» дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет (мысалы, Aidstest программасының соңғы нұсқалары).

5. «Көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустар. Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін – «көрінбейтін» және өздігінен өрбитін вирустарды қарастырайық.

«Көрінбейтін» вирустар. Көптеген резиденттік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файладрды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.

Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі – өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырыплып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де, таңбаланған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор-программалар жұмысы қиындайды.

2. Архиваторлар. Архиваторлар-дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

ARJ программасын орындай алатын бірнеше функциялар бар. ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі.Мысалы А (add)–архивке файл енгізу, Т (test)–архивті мәтін арқылы тексеру, Е (exctract)-файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтіру, Д (delete)–архивтегі файлды жою.



Архивтік файл дегеніміз–қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы.

Тапсырма 1: Компьютердегі дискілерді вирусқа тексеру керек. Ол үшін антивирустық бағдарламаны ашамыз, мысалы ESET NOD 32 Antivirius бағдарламасын(Сурет 1):



Сурет 1 – Антивирустық бағдарламаны ашу.


Дербес компьютердің тексерілетін бөлімін «Сканирование ПК» бөлімін ашу арқылы дискілерді таңдау қажет:

Сурет 2 – Дискілерді таңдау.



Тексерілетін дискілер таңдалғаннан кейін «Сканировать» батырмасын басу қажет:

Сурет 3 – Дискілерді тексеру.



Компьютердің дискілері тексеріліп болғаннан кейін келесі терезеде ашылады:

Сурет 4 – Дискілерге төнген қауіп.


Анивирусқа тексеру барысында бірнеше қауіп төндіретін файлдарды тапса, ол файлдарды емдеу керек, болмаса жою қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет