1 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет3/5
Дата19.09.2023
өлшемі143,67 Kb.
#181605
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Жұмыстың тақырыбы: Санау жүйесі. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне өту


Жұмыстың мақсаты:
1. Санау жүйелерімен танысу;
2. Екілік, сегіздік, ондық және оналтылық санау жүйесінде есептеулер жүргізуді меңгеру;
3. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды меңгеру.


Жұмыстың мазмұны:
Санау жүйелері – сан деп аталатын, символдар көмегімен бейнеленетін атаулар тәртібінің жиынтығы. Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді. Позициялық емес санау жүйесіне мысал — рим сандары: бірнеше сандар негізгі болып алынған (мысалы, І, V, X), ал қалғандары осы негізгі сандарды қосу арқылы алынады ( VІ, VІІ сияқты) немесе алу ( ІV, ІX сияқты). Ал позициялық санау жүйелеріне екілік, ондық, сегіздік, оналтылық сандар жатады.
Екілік санау жүйесі. Екiлiк жүйеде кез келген сан екi 0 және 1 цифрларының көмегiмен жазылады және екiлiк сан деп аталады. Екiлiк санның әрбiр разрядын (цифрын) бит деп атайды. Кез келген санау жүйесiнiң негiзiн осы санау жүйесiнде қолданылатын цифрлар санын анықтап ЭЕМ-де ақпаратты өрнектеу үшiн екiлiк жүйе қолданылады. Екiлiк жүйеде қосындыда негiздеушi ретiнде 2 санын қолданады.
Сегіздік санау жүйесі. Сегіздік санау жүйесі, яғни сегіздік негіздеуіші санау жүйесі, сегіз цифрдың көмегімен санды көрстеді: 0,1,2,3,4,5,6,7.
Ондық санау жүйесі. Ондық санау жүйесiнегi сандарды өрнектеу үшiн 0-9 дейiнгi араб цифрлары қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Мысалы: 234=200+30+4. 2 жүздiктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4-бiрлiктер разрядынан тұрады. Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткенi ондық санды жазуда цифрдың мәнi оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты. Санның цифрына бөлiнетiн позицияны разряд деп атайды.
Егер 234 санын қосынды түрiнде былай жазамыз: 2*102+3*101+4*100. Бұл жазбадағы 10-саны санау жүйесiн негiздеушi. Санның әрбiр цифры үшiн 10 негiздеушi цифрлың орнына байланысты дәрежеленедi және осы цифрға көбейтiледi.
Егер сан ондық бөлшек болса, ол терiс дәрежеде жазылады.
Оналтылық санау жүйесi. Оналтылық санау жүйесiнде санды жазу үшiн ондық санау жүйесiнiң цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және латын алфавитiнiң алғашқы үлкен әрiптерi: A,B,C,D,E,F қолданылады. Мұнда A=10, B=11, C=12, D=13, E=14, F=15.
Сандардың қандай сандық жүйеде тұрғанын бiлу үшiн, оның төменгi жағына индекс жазылады және индекске қандай жүйеде екенi көрсетiледi.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Санақ жүйесi дегенiмiз не?
2. Санақ жүйелерiнiң түрлерiн атаңыз?
3. Позициялық және позициялық емес санақ жүйелерiнiң айырмашылығы неде?
4. Позициялық санақ жүйелерiне қандай санақ жүйелерi жатады?
5. Санақ жүйесiнiң негiзгi сандары деп қандай сандарды айтамыз?
6. Ондық санақ жүйесiндегi санды екiлiк санақ жүйесiне ауыстыру қалай жүзеге асады?
7. Ондық санақ жүйесiндегi санды сегiздiк санақ жүйесiне ауыстыру қалай жүзеге асады?
8. Ондық санақ жүйесiндегi санды он алтылық санақ жүйесiне ауыстыру қалай жүзеге асады?
9. Екiлiк санақ жүйесiндегi сандарды ондық санақ жүйесiне ауыстыру қалай жүзеге асады?
10. Сегiздiк санақ жүйесiндегi сандарды ондық санақ жүйесiне ауыстыру қалай жүзеге асады?
11. Он алтылық санақ жүйесiндегi сандарды ондық санақ жүйесiне ауыстыру қалай жүзеге асады?


2-тапсырма. Кестені толтырыңыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет