№1 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет16/30
Дата18.02.2018
өлшемі14,41 Mb.
#37990
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

7- тапсырма. функциясын есептеңіз.
8- тапсырма. функциясын есептеңіз.
Статистикалық функциялар.

МИН(число1; число2;...) аргументтер тізімндегі ең кіші мәнді береді;

МАКС(число1; число2;...)аргументтер тізімндегі ең үлкен мәнді береді;

СЧЕТ(значение1; значение2;...) мәні бар диапазондағы ұяшықтардың санын береді.
9- тапсырма. Бір өлшемді a және b массив элементтері берілген. Олардың ішінен минимумын, максимумын және жалпы санын анықтау қажет. МИН, МАКС және СЧЕТ функцияларын пайдаланыңыз. Ол үшін Ол үшін C10 ұяшығына курсорды қойып, функция шеберіне басыңыз. Функция шеберінің бірінші қадамында функция категориясына Статистикалық функцияны таңдаңыз. Екінші қадамында Число1 және Число2 өрістеріне 12.14-суретте көрсетілгендей етіп енгіземіз.

12.13-сурет.


12.14-сурет. МИН функциясының екінші қадамы


СРЗНАЧ(число1; число2;...) функциясы белгілі бір диапазон аралығындағы мәліметтердің орташа мәнін беруге арналған.
10- тапсырма. Төменде берілген тапсырманы орындаңыз. Орташа бағанасына СРЗНАЧ функциясын пайдаланыңыз. Ол үшін J4 ұяшығына курсорды қойып, функция шеберіне басыңыз. Функция шеберінің бірінші қадамында функция категориясына Статистикалық және түріне СРЗНАЧ функциясын таңдаңыз. Екінші қадамында Число өрісіне C4:H4 ұяшықтарын ерекшелеңіз және ok батырмасына басыңыз (12.16-сурет). Барлығын есептеңіз.

12.15-сурет.


12.16-сурет. СРЗНАЧ функциясының екінші қадамы


СЧЕТЕСЛИ(диапазон; критерий) функциясы көрсетілген шартты қанағаттандыратын бос емес ұяшықтардың санын анықтайды. Мұндағы:

диапазон – бос емес ұяшықтардың санын есептеуге арналған диапазон;

критерий – шарт.
11- тапсырма. Бір өлшемді массив элементтері берілген. Оң және теріс элементтерінің санын СЧЕТЕСЛИ функциясын пайдаланып есептеңіз. Ол үшін G4 және G5 ұяшығын біріктіріңіз. Осы ұяшыққа курсорды қойып, функция шеберіне басыңыз. Функция шеберінің бірінші қадамында функция категориясына Статистикалық және түріне СЧЕТЕСЛИ функциясын таңдаңыз. Екінші қадамында Диапазон және Критерий өрістеріне 12.18-суреттегідей етіп енгізіңіз. СЧЕТЕСЛИ функциясы арқылы массивтің теріс элементтерінің санын анықтаңыз.

12.17-сурет.


12.18-сурет. СЧЕТЕСЛИ функциясының екінші қадамы



13 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде диаграмма құру
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel электрондық кестесі диаграмманың түрлерімен танысу және диаграмма құруды үйрену.
Жұмыстың мазмұны:

Диаграмма – дегеніміз сандық мәліметтердің графикалық түрде берілуі. Диаграмма құру үшін кестедегі мәліметтерді ерекшелеп алып, Қою=>Диаграммалар (Вставка=>Диаграммы) лентасындағы диаграмманың керек типін және түрін таңдаймыз (13.1-сурет). Диаграмманың 11 стандартты типі және әр типінің бірнеше түрлері бар. Диаграмманың типтері (13.2-сурет):

Гистограмма (Гистограмма)

График (График)

Дөңгелек (Круговая)

Сызықтық (Линейчатая)

Облыстымен (С областями)

Нүктелік (Точечная)

Биржалық (Биржевая)

Көлемді диаграмма (Поверхность)

Көпіршікті (Пузырьковая)

Жапырақтық (Лепестковая)

13.1-сурет.


13.2-сурет. Диаграмманың стандартты типтері



Жұмыс алаңына диаграмма пайда болғаннан кейін лентада Диаграммамен жұмыс (Работа с диаграммами) пайда болады (13.3-сурет).

13.3-сурет. Конструктор беті


Конструктор бетінде диаграмманың стилін, макетін таңдауға болады. Сонымен қатар, диаграмманың типін ауыстыруға және мәліметтер диапазонына өзгерістер енгізуге болады (13.3-сурет).

Макет бетінде диаграммаға тақырып енгізе аламыз (13.4-сурет). Аңыздың (Легенданың) орнын ауыстыруға болады.

13.4-сурет. Макет беті


Сонымен қатар, диаграммаға мәліметтер, пайыз және т.б. қоя аламыз (13.5-сурет).

13.5-сурет.


Пішім (Формат) бетінде фигураның стиліне өзгеріс енгізе аламыз (13.6-сурет).

13.6-сурет. Пішім беті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет