1-ден 15-ке дейінгі ондық сандарды көрсету үшін төрт разрядты екілік код колданылатынын кестеден көруге болады. 16 санын көрсету үшін міндетті түрде бесінші разрядты қосу керек. Кестеде көрсетілген екілік сандар тура кодын сипаттайды. Басқа да кодтар бар және олардың көмегімен арифметикалық операциялар жеңілдетіледі. Оларға кері және қосымша кодтар жатады.
Кері кодтағы екілік сан әрбір санды инвертирлеу жолымен тікелей кодтағы санынан алынады. Мысалы, 1101санының тура коды бар. Кері коды мына түрде 0010. Кері жолға 1-ді қосу арқылы қосымша кодты алады. Мысалы, 1101 санының қосымша коды 0011-ге тең.
Жұмыстың мазмұны: 1. Теориялық бөліммен танысу;
2. Мысалдарды талдау;
3. Нұсқа бойынша тапсырманы орындау;
4. Есеп беруді әзірлеу.
Есеп берудің мазмұны: 1. Есептің қойылуы;
2. Теориядан қысқаша мәліметтер;
3. Нұсқа бойынша орындалған жұмыстың нәтижесі;
4. Бақылау сұрақтарына жауап.
Бақылау сұрақтары: 1. Компьютер құрылысы дегеніміз не?
2. Компьютердің негізгі болктарын атаңыз.
3. HardWare деген не?
4. Компьютердің командалық жүйесі ұғымына не кіреді?
5. Жадының негізгі функциялары.
6. Процессордың негізгі функциялары.
7. АЛУ деген не?
8. Регистрлер қандай элементтермен құрылады?
9. Негізгі жады не үшін арналған?
10. ОЗУ-дің ПЗУ-ден қандай айырмашылығы бар?
11. Ішкі жады не үшін арналған?
12. Ішкі жады қандай құрылғыда орналасады.
13. Компьютерде қандай санау жүйесі қолданылады?
14. Қандай санау жүйелері позиционды деп аталады?
15. Санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
16. ЕТ үшін неліктен негізі 2 болатын жүйе маңызды болып табылады?
17. ЭЕМ құрылысында неліктен екілік санды он алтылық санға ауыстыру енгізілді?
18. Ондық жүйедегі санды екілік жүйеге ауыстырудың қандай тәсілдерін білесіз?
19. Екілік түрде ұсынылған сандарға арифметикалық амалдарды орындау ережелері қандай?
20. Бүтін сандарды екілік жүйеден сегіздік жүйеге, он алтылық жүйеге және керісінше ауыстыру алгоритмі қандай?
21. Сандарды екілік, сегіздік, он алтылық жүйеде жазу үшін қандай символдар қолданылады?
22. Екілік (сегіздік, он алтылық) санау жүйесінде бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін бөлетін нүктенің оң жағындағы разрядтар өлшемі неге тең?
23. Екілік (сегіздік, он алтылық) санау жүйесінде бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін бөлетін нүктенің сол жағындағы разрядтар өлшемі неге тең?
Әдебиеттер: 1. Информатика: Базовый курс: Учебник для вузов (под ред. Симонович С. В. ) СПб: Питер, 2001. 640 с.
2. Новиков Ф. А. Дискретная математика для программистов: Учебник.СПб: Питер 2002. - 304 с.
3. Могилев А.В. Информатика: учеб.пособие для студ.пед.вузов. -М.: Издательский центр «Академия», 2003