MS DOS ОЖ-нің каталогтармен жұмыс істеуге арналған командалары
каталог құру: C:\>MD urok – Enter пернесін басу;
каталог өшіру: C:\>RD urok – Enter пернесін басу;
каталог мазмұнын көру: C:\>DIR – Enter пернесін басу;
ағымдағы каталогты өзгерту: C:\>CD urok – Enter пернесін басу (C:\urok> (C дискісіндегі urok каталогының іші);
түбір каталогқа өту жолы: C:\urok>CD... – Enter пернесін басу (C:\> (C дискісі – түбір каталог);
диск каталогының тізімін көрсету: C:\>TREE C: / F – Enter пернесін басу.
MS DOS ОЖ-нің файлдармен жұмыс істеуге арналған командалары
мәтіндік файлдар құру: C:\>COPY CON (файл атауы) – осы команданы енгізгеннен кейін файл жолдарын кезекпен теріп енгізу керек. Әр жолдың соңында Enter пернесін басып, соңғы жолды енгізгеннен кейін F6 (немесе Ctrl +Z), содан кейін Enter пернелерін басу керек. Көрсетілген атауы бар файл дискіде пайда болады;