Құрылғылар, техникалық және инструменталдық құралдар. Лабораториялық флотациялық машина, түрлі сыйымдылықты флотациялық машинаның камерлары.
Жұмыстың орындалу тәртібі. Флотация әдісіме, түрлі рудаларды өңдеуге, зертханалық зерттеулерге түрлі біркамералық зертханалық машиналары қолданылады.
ФМ1М флотомєшинесі (1.1 сурет) келесі түйінділер мен жабдықтардан тұрады: электродвигатель 21, қоректің блогі 18, көбшік алатын механизм 19, камералардың сығылуы 20, электродвигательдің қосқышы 11, айналымдарды реттегіш 13, ротометрлер 10, жетектілік белбеулердің шектелуі 7, қоректің блогі 14 және ауыспалы импеллер 1, конустар 8, флотокамералар 4.
Камераларға ауа жіберуді реттейтін ротометрлер мен камералар, машинаның сол жағында орналасқан.
Флотокамералар органикалық шыныдан жасалынған, соған орай материалдардың таратылуы бақыланып тұрады.
Конустар мен импеллер полиэтиленнен жасалынған. Камераға импеллермен сорып алынған ауа оның шығынын және байланыс патрубкалардың жүйесін өлшейтін ротаметрлерден өтеді.
Пульпа бірінші флотокамераға түседі, сонан кейін ауаны араластыру бөлігінде пульпаның араласуы, аэрациясы және айналатын импеллермен жасалынатын ауаның диспергациясы өтеді.
Ауалық көбшіктер пульпаның үстінгі бетіне шығады, оларға реагенттердің қатысымен алуға келетін сапаға қажетті минералдар жабысады. Пульпаның үстінгі бетінде көбікалғышпен алынатын минералданған көбіктің қатпары пайда болады.
Флотомашинада жұмыс жасау тәсілі келесі операцияларды қосады:
1. Камераны толтыру және минералдарды араластыру;
2. Пульпаны араластыру (көбіктендірусіз);
3. Жинағыштарды беру;
4. Көбіктендіргішті қосу және көбікті алу;
5. Камерадан қалдықтарды алып тастау.
1.1 - сурет - Зертханалық флотомашина ФМ1М
Жұмыс алдында флотомашинаның камерасын жақсылап жуып, су толған уақытта машинаның қызметін тексереді.
Рудаларды флотациялау үрдісінде реагенттер бір тәртіппен беріледі, сонымен суда еритіндер – су ерітінділері түрінде, ал нашар еритіндер – тамшы немесе алдын-ала дайындалған су эмульсиясы түрінде беріледі.
Флотация үрдісін жүргізу үшін флотация мәшинесі келесі міндеттерді қамтамасыз ету керек:
1. Минералдың бөлшектерін өлшенген қалыпта ұстауға қажетті пульпаның араластырылуы;
2. Бөлшектерді тиімді бөлуге арналған ұсақ көпіршіктердің қажетті санын беруі;
3. Пульпаның үстіңгі бетінде көбіктің пайда болуына тыныш аумағын жасау;
4. Көбіктік және камералық өнімдердің бөлінген үздіксіз салмағын өлшеу.
Машинаның құрылысының айырмашылығы, көбінесе, пульпаның аэрациясымен және араластыру тәсілдерімен айқындалады.