Техникалық қауіпсіздік ережелері 1. Арнаулы киім киіп жұмыс жасау;
2. Флотациялық машина жерде тұйықталуы керек;
3. Флотамашинамен жұмыс істеген кезде импеллер жетегінің қоршауын алуға болмайды;
4. Клин қайыстық беріліс кезінде қайыс үзілген кезде импеллер жетегінінің қозғалтқышын сөндіру керек, содан кейін жұмысты қайысты ауыстарғаннан кейін жасау керек;
5. Электр қозғалтқыш сөніп тұрған кезде импеллер санының айналымын өзгертуге болмайды;
6. Цианидпен жұмыс істегенде оның қатты у екенін естен шығармау керек;
7. Цианид мөлшерін салуын лаборант жасау керек, реагент сейфте сақталу керек;
8. Күкіртті натриймен жұмыс істегенде, оның буы у екенін естен шығармау керек, сондықтан оның буымен демалғанда бас айналу мен естен тануға әкеліп соқтырады. Күкіртті натрий ерітінділерімен күшпен жұмыс істеу керек. Рудалардың флотациясы кезінде қолданылатын күкіртті натрийдің шығымы кезінде кәдімгі жағдайда жұмыс істеуге болады. Күкіртті натрий қол терісіне тиген кезде міндетті түрде жылы сумен жуу керек;
9. Концентратталған қышқылдар мен сілтілердің ерітінділерімен жұмыс істеген кезде абай болу керек, олардың қол терісіне тимеуі керек. Егер де ерітінді қол терісіне тиіп кетсе, міндетті түрде сумен жуу керек, содан кейін сода ерітіндісін жағу керек;
10. Реагенттің қажетті мөлшері өлшегіш цилиндрмен анықталады, немесе шетіне груша тағылған тамшуырмен анықталады. Қажетті реагент көлемін пипеткамен ауыз арқылы алуға қатаң түрде тыйым салынады;
11. Зертхана бөлмесінде тамақ ішуге, темекі шегуге тыйым салынады;
12. Тәжірибе өнімдерің кебуін тарту күші астында тұратын кебі шкафында кептіру керек;
13. Кептіру шкафынан өнімдерді алғанда тері күйіп кетпеу үшін қысқаштармен пайдалану керек;
14. Байыту өнімдерімен буландыру операциясын жүргізген кезде, электр плитасы немесе су моншасы тарту күшінде тұру керек;
15. Жұмысты аяқтаған кезде міндетті түрде қолды жуу керек.