3.Газдарды жинау. Газдардың ауа бойынша тығыздығына, суда ерігіштігіне, улылығына байланысты оларды жинауды төртке бөлуге болады. Біріншісі, ауамен әрекеттеспейтін және ауадан ауыр газдарды жинау; екіншісі, ауадан жеңіл газдарды, мысалы сутегі, аммиак, т.б. жинау; улы газдарды жинау үшін (үшінші) колбаны екі газ өткізгіш түтігі бар тығынмен тығындап, газдың артық мөлшерін газды сіңіріп алатын сұйықтыққа жібереді. Мысалы, күкірт (IV) оксидін сіңіру үшін суды қолданады; төртіншісі, судың үстінде газды жинау деп аталады. Жиналатын газ суда ерімеуі керек. Цилиндрді немесе үлкен сынауықты суға толтырып, аузын шынымен жабады, суы бар кристализаторға төңкеріп, шыныны алып, аузына газ өткізгіш түтікті енгізеді. Газ толғаннан кейін цилиндрді судан шығармай тұрып аузын жабады, содан кейін судан шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |