10 билет
Тәуелсіздік жолындағы қадамдар.
1990 жылдың 25 қазанындағы Республиканың жоғарғы кеңесімен «Қазақ КСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны» қабылдауы, Қазақстанның өздігімен ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге және даму белгілерін анықтауға мүмкіндік ашқан бірінші актісі болып табылды. Декларация мазмұнында, «Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің, Қазақстан халқының еркіндігін білдіре отырып, Республиканың барлық азаматтары үшін өмірдің абзал және тең шарттарын қалыптастырып, Республикада тұратын халықтың абзал нығаюының мақсатын және халықаралық достықты күшейтуді есепке ала отырып, қазақ халқының тағдыры үшін көтеретін жауапкершілікті түсініп, адам құқының және ұлттың өзін-өзі еркін анықтау құқының жалпыға бірдей декларациясын мойындай отырып, адамгершілікке негізделген, демократиялы құқықтық мемлекетті құру туралы шешім қабылдау мақсатымен мемлекеттік егемендікті жариялауы» туралы мәлімделді.
Мемлекеттік егемендік жайлы Декларацияны қабылдау мүмкіндігі, 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР-дың Жоғарғы Кеңесімен құрылған президенттік институтының Қазақстанда әрекет етуімен маңызды деңгейде байланысты болды. Дәл Жоғарғы Кеңестің өзі, жоғарғы құқық бекітуші ұйым ретінде, 1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР-дың алғашқы Президенті ретінде Н.Ә.Назарбаевты сайлады.
Егемендікті құру жолында келесі ілгермелі қадам, мемлекет үшін маңызды келесі заңдардың қабылдануы болып табылды: «Мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру туралы», «Қазақ КСР-дың жергілікті өзіндік басқару және халықтық депутаттардың жергілікті Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы».
1991 жылдың 10 желтоқсанында, республиканың көпұлтты халқының тәуелсіз, құқықтық және демократиялық мемлекет құру жолында, қоғамның саяси, экономикалық алуантүрлілігіне негізделген, құқықтың мызғымастығының және адам бостандығының ұстанымын есепке ала отырып, Қазақ ССРінің Жоғарғы Кеңесі бекітті:
Қазақ Кеңес Социал Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгерту.
Қазақ ССРінің Конституциясына (Негізгі Заң) және Қазақ ССРінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына, Қазақ ССРінің мемлекеттік ұйымдарының заңдары мен өзге де актілеріне сәйкес өзгерістер енгізу [1, 51-52 б.].
1991 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік егемендіктің құрылуы мен күшеюі жолында маңызды рөл атқарған Қазақстан Республикасында екі оқиға өтті:
Бүкілхалықтық сайлау негізінде 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлануы. Қазақ КСР-дың «Қазақ КСР Президентінің сайлануы туралы» Заңның 24 бабына сәйкес Н.Ә. Назарбаев тағайындалды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.
1992 жылдың 7 мамырында ҚР Президентінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды, ал 1992 жылдың 4 маусымында егеменді мемлекеттің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
Елдің нағыз тәуелсіздік жолында маңызды қадамы 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу болып табылды.
Елдің егеменді дамуы заңнаманың жаңаруын ғана емес, сонымен қатар Конституцияның (Негізгі Заң) қабылдануын талап етті.
1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың Жоғарғы Кеңесі сессияның ХІІ-ші шақыруында Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қабылданды. Мемлекеттік биліктің жаңа ұйымдарын қалыптастырып, Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін күшейту жолында үлкен маңызға ие болды.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Соған сәйкес Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет деп бекітті. 1995 жылы Конституцияның қабылдануымен Қазақстан қазіргі заманғы Парламент құрылымын қалыптастыруға, демократиялық институтжүйелерін, нарықтық экономика мен азаматтық қоғамның тұрақты дамуы үшін қажетті жүйесін құруға мүмкіндік алды. ҚР-ның жаңа Конституциясы сонымен қатар, мемлекет тарапынан адамға және азаматқа деген қатынастардың қалыптары мен принциптерін қалыптастыра отырып, Қазақстан халқының егеменді құқығын бекітіп, адамды және оның өмірі мен құқығын, бостандығын «жоғарғы құндылық» деп жариялады.
Верный бекінісінің салыну себебі
Верный Алматы шатқалында орналасты. Бұған дейін бұл жерде орналасқан Алма-Аты (Алмалы) қонысының орнына қара-қырғыздардың шабуылынан қорғану мақсатында құрылды. Бекініс басында Семипалатинск облысы Алатау округінің әкімшілік орталығы болды. Кейін Түркістан әскери округінің бекітілуімен және Семиреченск облысының құрылуымен облыстың әкімшілік орталығы етілді және Верный қаласы атауына ие болды.
Верный – Алматы қаласының 1921 жылға дейінгі атауы. Орта ғасырлардағы Алмату (Алматы) қонысының орнына 1853 жылы Ресей үкіметі Заилийский әскери бекінісін салды. Ол 1854 жылғы ақпаннан «Верный»(«Сенімді») деп аталды. Верный табаны бес бұрышты қамал тұрғызылды, оның айналасына терең ор қазылып, ағаш шарбақпен қоршалды. Қамал гарнизонында Іле отрядының 470 солдаттары мен офицерлері қызмет етті. 1855 жылдан бастап Верныйға Ресейдің орталық губернияларынан, кейіннен Сібірден орыстар мен татарлар көшіп келе бастады. 1855 жылы Алатау округінің әкімшілігі Қапалдан Верныйға ауысты.
Достарыңызбен бөлісу: |