5 бөлім. Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысы
1. Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысы келесі бағыттарда іске асырылады:
- көпшілікке арналған сайлауалды шаралар өткізу арқылы (сайлауалды жиналыстар, көпшілік алдында сайлауалды пікірталастар ұйымдастыру);
- ақпараттық материалдар басып шығару және тарату арқылы.
2. Үміткерлер өзінің болашақ әрекеті туралы сайлауалды бағдарламаларымен таныстырады.
3. Сайлау күні кез-келген сайлауалды ақпараттық-насихат жұмысы тоқтатылады.
4. Үміткерлердің сайлау компаниясын жүргізуіне көмектесетін, сайлауалды ақпараттық насихат жұмыстарын өткізетін, үміткердің қызығушылықтарын қорғайтын сенімді адамдары болуға, ақпараттық-насихаттау тобын құруға құқығы бар (саны шектелмеген).
Достарыңызбен бөлісу: |