10 класс физика тестері


-тарау. Сұйықтар мен газдардың қасиеттері



бет7/14
Дата08.02.2022
өлшемі334,5 Kb.
#97955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
физикадан тестері

6-тарау. Сұйықтар мен газдардың қасиеттері.
7-тарау. Қатты денелердің қасиеттері.

1. Қаныққан будың қысымы қандай шамаға тәуелді?


А)сұйық бетінің ауданына; В) молекулалардың массасына; С) көлемге; Д) температураға; Е) будың тығыздығына.
2. Сұйықтың қайнау температурасы тікелей қандай шамаға байланысты өзгеруі мүмкін?
А) сұйықтың көлеміне; В) сұйықтың тығыздығына; С) сыртқы қысымға; Д) молекулалардың массасына; Е) жылу берілу ауданына.
3. Кризистік температура деген қандай температура?
А) сұйықтың қайнау температурасы; В) сұйықтың булану температурасы; С) сұйықтың қатаю температурасы; Д) конденсациялану кезіндегі температура; Е) сұйық пен қаныққан бу арасындағы физикалық қасиеттердің өзгешелігі жойылатын температура.
4. Су буының парциал қысымы деген қандай қысым?
А) қанықпаған бу қысымы; В) судың қайнау кезіндегі будың қысымы; С) қаныққан бу қысымы ; Д) ауадағы басқа қоспасыз таза су буының қысымы; Е) кризистік температура кезіндегі қысым.
5. Қалыпты жағдайдағы су буының ауадағы парциал қысымы 1,2 кПа болған кезіндегі ауаның ылғалдылығы 50%. Қаныққан бу қысымы қандай?
А) 1,8 кПа; В) 2,4 кПа; С)2,2кПа; Д) 2кПа; Е)1,6кПа.
6. Тұрақты температурада қаныққан будың тығыздығы 2 есеге артса, оның қысымы қалай өзгереді? А)1,8 есе артады; В) 2 есеге артады; С) 2 есе кемиді; Д) 0,5 есеге кемиді; Е) өзгермейді.
7. 27ºС кезіндегі ауадағы қаныққан су буының қысымы 3,55 кПа. Су молекуласының шоғыры қаншаға тең? А) 0,86*1024 м-3 ; В) 0,88*1024 м-3; С) 0,9*1024 м-3; Д) 1024 м-3 Е)1,2*1024 м-3.
8. Су буының конденсациялануы қандай жағдайда болады?
А) Бу молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы артуы кезінде;
В) кризистік температура кезінде; С) Температура төмендеп, су молекулаларының бірігу жағдайында; Д)Су бетінен ұшып шыққан молекулалар санының қалыпты жағдайдағыдан артып кетуі кезінде; Е) Бу температурасы мен қысымы бірдей жоғарылаған жағдайда.
9. Болат арқанның салыстырмалы ұзару 0,001 болғанда пайда болатын кернеу қандай?
Болат үшін серпімділік модулы Е=210 ГПа.
А) 2,1*108 Па; В) 21 МПа; С) 210 кПа; Д) 2,1*106 Па; Е) 2,1*10 9 Па.
10. Көлденең қимасының ауданы 0,4 мм2 сымға 120 Н күш түсіргенде салыстырмалы ұзаруы 1,5*10 -3 болды. Сымның серпімділік модулы неге тең?
А) 150ГПа; В) 200 ГПа; С) 180 ГПа; Д) 160 ГПа; Е) 170 ГПа.
11. Ұзындығы 3 м алюминий сымды созғанда онда 35 МПа кернеу пайда болды. Алюминийдің серпімділік модулы 70 МПа деп есептеп, сымның абсалют ұзаруын табыңыз. А) 1 мм; В) 1,2 мм; С) 1,6 мм; Д) 1,8 мм; Е)1,5 мм.
12. Ұзындығы 30 см, көлденең қимасының ауданы 1 мм2 болат сымның қатаңдығы неге тең? Болат үшін Юнг модулы Е=210 ГПа.
А) 7*105 Н/м; В) 6,3*105 Н/м; С) 63*105 Н/м; Д) 70*105 Н/м; Е) 0,7*105 Н/м.
13. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2 сымға 10кг жүк ілінген. Сымға түсетін механикалық кернеу қаншаға тең?
А) 4,1*10 6 Н/м2 ; В) 4,4 *10 6 Н/м2 ; С)4,6*10 6 Н/м2 ; Д) 49*10 6 Н/м2 ; Е) 9,8*10 6 Н/м2 .
14. Төменде келтірілген қасиеттердің қайсысы кез-келген аморф денеге тән қасиет:
А) пластикалық; В) мөлдірлік; С) анизатроптық; Д) изотроптылық; Е) механикалық беріктік.
15. Суретте материалдың созылу диаграммасы көрсетілген. Диаграмманың қай бөлігі материалдың аққыштығына және қай нүктесі оның беріктік шегіне сәйкес келеді?



А) 0-1,3; В) 1-2,6; С) 3-4,5; Д) 2-3,5; Е) 3-4,6.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

Е

Д

В

В

А

С

А

В

Е

А

Д

Д

С





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет