Терминологиялық сөздік:
Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға бөлуге болады:
Демобилизация -армияның сандық құрамын қысқарту немесе әскери қызметін өтегеннен кейін босату;қаруланған күштерді және, сонымен қатар, халықаралық шаруашылықтың нақты салаларыи әскери жағдайлардан бейбітшілікке аудару.
Сұрақтар:
1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып кім тағайындалды?
Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде не жіберді?
Жеке табынушылық дегенді қалай түсінесіз?
Соғыстан кейін қандай әлеуметтік ахуал қалыптасты?
25-тақырып. Соғыстан кейінгі экономикада қандай өзгерістер болды?
Соғыстан кейінгі жылдардағы экономика
Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақстан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейдеп атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты.
Ембі бассейінінде - Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақстан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қалаларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірәқ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді. Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автомат-ты телефон станциясы іске қосылды.
1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді. Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз және ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырыл-ды. Бүл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін темендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды. Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді.
1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды.
Астық мәселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды: 1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді.
2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кан-темировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын. Тың игерудің непзп қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақ-стан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі.
Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жыл-дарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді.
Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халық-тың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды.
Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан ас-там мал басы болды. Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.
Терминологиялық сөздік:
Бесжылдық, Бесжылдық жоспар — Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы.
Жетіжылдық жоспар (1959—65) КОКП 21-съезінде (1959) белгіленді. Жетіжылдық жоспар кезінде Соколов — Сарыбай кен-байыту комбинаты толық қуатында іске қосылды,
Сталинизм - КСРО-да Сталин үстемдігі кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен саяси билік жүйесі. II дүниежүзілік соғыстан кейін Сталинизм Кеңес одағынан қысымшылық көрген басқа елдерде де қалыптасты. Сталинизмге тән белгілер:
экономикалық салада - жылдам индустрияландыру мен ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру, бюрократиялық жоспарлау, өндірісті басқарудан еңбекшілерді аластату;
Сұрақтар:
Қазақстандағы Ғылым академиясының тұңғыш президенті?
Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында» атты монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым?
Феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін катаң сынға ұшыраған композитор?
Соғыстан кейінгі экономикада қандай өзгерістер болды?
26-тақырып. 1950 жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалар
Қоғамдық ойдағы екі бағыттың куресі мен өзара бір-біріне әсер етуінің нәтижесі - 1956 жылгы ақпандагы КОКП XX съезінің шешімдері болды. Демократияландыру идеясы съездің көптеген саяси нүсқауларымен анықталды. Идеология саласында жеке басқа табынушылық үлгісін талқандау, догматизм мен схоластиканы жеңуге алғашқы әрекеттер жасалды. Бүл ниеттердің орындалуы жолындағы неғұрлым байыпты қадам - XX съездің Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптауы болды.
КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы Н.С.Хрущевтің баяндамасында жеке баска табынушылықтың пайда болу себептеріне, оның мәні мен сипатына, зардаптарына баға беруге әрекет жасалды. Съезд көпшілік бұқараға өкімет билігін жүзеге асырып отырған жүйенің шынайы бейнесін ашып көрсетпеуге шешім қабылдады. Тек КОКП ОК-нің «Жеке адамга табынушылық және оның зардаптары туралы» (маусым, 1956 жыл) қаулысы дайындалды. Онда жеке баска табынушылыққа байланысты жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтардың «кеңестік құрылыстың терең демократияшыл сипатын өзгерте'алмағаны» атап көрсетілді.
Тек 33 жыл өткен соң ғана «КОКП ОК-нің хабаршысы» («Известия ЦК КПСС») журналында (1989 ж., №3) Н. С. Хрущевтің съезде жасаған баяндамасының толық мәтіні жарияланды. Ал бүл мәтін кебейтіліп, XX съезд біткеннен кейінгі бірнеше аптадан соң-ак шетелде жарық көрген еді. Түрмелерге ешбір кінәсіз қамалған бірқатар адамдарды (олардың ішінде партияның көрнекті қайраткерлері - Я. Рудзутак, А. Рыков, В. Чубарь т. б.) еркіндікке шығарып, оларды ақтаумен мемлекеттік аппарат көп ұзамай бұл реформаны доғарды. Мыңдаған адал адамдар түрмелерде қалып қойды, қуғын-сүргіннен қаза тапкан адамдардың қызметіне шынайы саяси баға берілмеді.
Өткен тарихтың қайғылы беттері: Қазан төңкерісінің тарихы, Азамат соғысының себебі мен сипаты, 30-жылдардағы аштық пен шаруаларды қырып-жою жөнінде біржақты ғана еске алулар болды немесе бұлар жайлы еш нәрсе де айтылмады. Сталиннен кейінгі билік қадамдарының жартыкештік сипатта болғаны чешен, ингуш, қалмақ, балқарлар тарихи отандарына қайтарылып, Қазақстанда тұрған корейлер, немістер, қырым татарлары мен месхет түріктері құкықтарының қалпына келтірілмегенінен көрінді.
1954 жылы ішінде көптеген майдангерлер болған саяси тұтқындардың Кеңгірдегі көтерілісі катал басып тасталынды. Жезқазғанға жақын жерде салынған бұл арнайы каторгалык лагерь түрмедегілер мен тұрақты әскери бөлімдерінің арасындағы шайкас алаңына айналды. Елдің экономикалық жағынан артта калуы себептеріне талдау жасау әрекеттері де тез тыйылып отырылды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейту тұжырымдамасы да дамытылмады.
Кеңес қоғамының Сталиннің билігінен кейінгі дамуы
Экономика
|
Қоғамдық өмір
|
Прогресшіл бастамалар
|
демократияландыру үрдісі
«Хрущевтік жылымығы»
өнеркәсіпті қарқынды түрде дамытудың және тыңайған жерлерді игеру, әскери-өнеркәсіптік кешенге қолдау көрсету
әскери блоктар кұру, шағын соғыстар |
|
жазықсыз жазаға ұшырағандарды ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді
репрессияға ұшыраған халықтар қүкы қалпына келтірілмеді
«жоғарыдан - төменге» басқару әдісі сақталды
басқаша ойлайтындар айыпқа тартылды |
|
Сталиннің жеке басына табыну айыпталды
1954-1956 жылдары республикаларға аздаған жеңілдіктер жасалды
тоталитарлық режимнің құрбандарын ақтау үрдісі басталды
|
Кеңес өкіметі мен КОКП ОК 1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқығын кеңейтуге бағытталған шаралардың тұтас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жузінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды.
Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай саяси басқаша ойлау да қатал басып жаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси қудалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ.
Оған мысал - Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мүғалімі, майдангер, жоғары білімді маман М.Елікбаевтың тағдыры. Ол Н. С. Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бұзу, ұлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылыктар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы олқылыктар жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Мемлекеттік кауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы, Күршім аудандық партия комитетінің қуғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан әрі бағынбаған мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапты, ол аштык жариялаған кезде, түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің деректері бойынша психиқалық емдеу жолымен КСРО-да 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» жазаланды.
50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жөнінде заңды сұрақ туындайды. Негізгі себептердің бірі-саясатта ғылыми негізделген болжамның жоқтығы. Н. С. Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мөдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының өсері де тиді. Олқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шыққан құбылыстарын ғана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын қалған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау женіндегі қиял да ықпал етті. Бұған Н. С. Хрущевтің социализмнің толық жеңісіне жетуін жариялап, «коммунистік қоғам құрылысын кең көлемде бастауды» ұсынған КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел болады. Теориялық проблемаларға өрескел, жалған, тұрпайы көзқарас XXII съезде қабылданған КОКП-нің Үшінші бағдарламасынан да байқалады.
Болъшевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында Мустафа Шоқай, Смагул Сәдуақасов т.б. айтқан еді. Өкінішке карай Қазақстан Мәскеу шенеуніктері қабылдаған шешімдерден шыға алмады. Басталған саяси реформалар әкімшілдік жүйенің экономикалық базасын өзгерте алмады.
50-жылдардың басында дүние жүзі елдері бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік қауымдастық КСРО-мен, яғни оның құрамындағы Қазақстанмен де интеграциялык байланысқа түсті. Бүл кезде кеңес мемлекетінің сыртқы саясат саласындағы қызметі жаңа серпін алды. Халықаралық шиеленістін бәсеңдеуі КСРО-ның халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісінде біраз бастамалар кетеруіне жағдай жасады. Қазақстанның индустриялық дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметгік-таптық құрылымында терең езгерістер болуымен қатар жүрді. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жұмысшылардың, шаруалардың, зиялылардың үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. Мұндай әлеуметтік құрылым Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтар мен ұлттарға тән болды.
50-жылдардағы Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, ұйғырлар, татарлар өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген еңбек ұжымдары құрамы жағынан көп ұлтты ұжымдарға айналды. Әр түрлі ұсак ұлттарға қатысты жіберілген әділетсіздік соңына дейін жойылған жоқ. 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың көтеруге КСРО-ның еуропалық белігінен 2 млн-дай адам келді. Сонымен бірге бұл жылдары жұмысшы күшін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және транспорттағы (көліктегі) жұмыстарға тарту жөнінде кең көлемді жұмыс жалғастырылды. 1954-1965 жылдары Қазақстан халқына 0,5 млн адам қосылды. Одан кейінгі мерзімде бұл бағыт жалғаса берді. Мұның бәрі жергілікті халық пен басқа халықтардың саны үлес салмағының арасындағы алшақтыққа әкелді.
1962 жылы қазақтар республика халқының 29%-ын құрады, ал 1897 жылы қазақ үлты елдін 85%-ы еді. Бүл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктершің деңгейіне, ана тілінің жағдайына кері әсер етті.
Терминологиялық сөздік:
Идеология – ілім, қоғамдық сана. Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік.
Утопия - (көне грекше: topos - орын, жер, яғни, жоқ жер) - әлеуметтік-саяси қиял түрі, орындалмайтын арман, ойдан шығарылған, ғылыми негізделмеген, шынайы өмірде жоқ, жүзеге асыру мүмкін емес, көбіне өмір сүріп отырған қоғамнан әлдеқайда жақсы, мінсіз жобалар.
Сұрақтар:
Жеке адамга табынушылық және оның зардаптары туралы» қаулы қашан қабылданды?
Большевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында кімдер айтты?
1962 жылы қазақтар республика халқының неше пайызын құрады?
1954-1965 жылдары Қазақстан халқына қанша млн адам қосылды?
6-тақырып.Неліктен тарихшы Е.Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?
1943 жылы жазда ежелгі дәуірден сол кезге дейінгі кезеңді қамтитын тұңғыш «Қазақ ССР тарихы» Алматыда жарық көреді. Кеңес республикаларының тұңғыш дербес тарихын жазудың бастамасы болған және беделді ғалымдар күш салғандықтан бұл кітап, бірден көзге түсіп, Сталиндік сыйлыққа ұсынылады. Бірінші сыннан сүрінбей өтеді. Бірақ авторлардың қуанышы бірнеше жылға созылған дауға, ал Бекмаханов үшін трагедияға айналады. Сталиндік сыйлық жөніндегі комитеттің соңғы мәжілісінде КСРО ҒА корреспондент-мүшесі Яковлев «Қазақ ССР тарихы» орыстарға қарсы жазылған, зиянды кітап деген пікір айтып, сарапшыларды шошытады. Оның ойынша Отан тарихы біртұтас КСРО тарихы, яғни интернационлизм принципіне сай келуі тиіс болатын. Бұл сталиндік тұжырымдамаға сай келетін қасаң, догматтық ұлы державалық шовинистік көзқарас еді. Осы кезде 1943 жылы 28 маусымда Ермұхан Мәскеуде «Қазақтардың Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық күресі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Ал, 1946 жылы «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары» деген докторлық диссертация қорғайды. Осыдан кейін оған ашықтан-ашық ауыз салып, оған жала жабуды бастайды. Ең бірінші болып, ЖАК-ға (ВАК) Бекмаханов негізінен Рязановтың жарыққа шықпаған қолжазбасын пайдаланды деген арыз түседі, бұл істі тексерген академик Дружнин плагитатты толық теріске шығарып береді.
1948 жылы 28 ақпанда КСРО ҒА тарих институтында оның монографиясы талқыланып, Алматыдан әдейі келген т.ғ.к., Айдарова қатысады. Тарих ғылымының кандидаттары Т. Шойынбаев пен М. Ақынжановтардың жазбаша пікірлері оқылады. Қазақстандықтар Кенесары қозғалысы реакцияшыл, феодалдық-монархиялық ұлтшылдық сипатта деген ортақ пікір айтады. Бұларға Дружинин, Бахрушин, Вяткин, Кучкиндер қарсы шығып, қорытындысында академик Греков автордың жеке басына тиісу, оны буржуазияшыл-ұлтшыл деп айыптау ғылыми пікірталасқа жат әрекет екендігіне көңіл аударады. Араға үш жыл салып, 1951 жылы 15 мамырда оны «ірі саяси қателіктері үшін» ҚазМУ-ден КСРО тарихы кафедрасының профессорлығынан, партия қатарынан шығарылады. Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ береді. 1952 жылы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы, Новотройцк селосында мектепте мұғалім болып жүргенінде тұтқындалып, РКФСР ҚК (Қазақ КСР емес) 58-бабының 10-тармағына, 2-бөлімінде көрсетілгендей «Кеңес үкіметіне қарсы болып, 1942-1951 жылдар аралығында ұлтшылдық идеяларды уағыздап және антисоветтік үгіт жүргізгені үшін» айып тағылып, 1952 жылы 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғары соты оны 25 жылға соттап, ГУЛАГ лагеріне айдауға жібереді. Кейін заман өзгеріп, 1953 жылы 16 қазанда КСРО Бас Прокуроры Бекмахановты ақтады. 1954 жылы 1 қыркүйекте ҚазМУ-ге қайта оралады, бірақ аға оқытушы деген лауазым беріледі. 1957 жылы Мәскеуде «Ғылым» баспасында «Присоединение Казахстана к России» монографиясы жарыққа шығып, докторлық дәрежесі мен профессорлық атағы қайтарылады.
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.
Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.
Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.
Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі. Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән-жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосқан еді. Сот шешіммен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Бірінші хатшы Пантелеймон Пономаренконың араласуынан кейін ғана санатқа іліне бастады.
Осындай қиын кезеңдерде Бауыржан Момышұлының Бекмахановқа қалай ашық қолдау көрсеткені «Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер» (А.,2005) кітабында баяндалады.
Бостандыққа шыққаннан кейін Бекмаханов докторлық диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Әрине, бұрынғы «қателіктер түзетілді». Кейінгі еңбектерінде маркстік-лениндік әдіснамадан қия баспайтын болды. Ермұқан Бекмаханов пен қызы Найля Бекмаханованың авторлығымен өңделіп,
1977 жылы он алтыншы рет жарық көрген, 7-8 кластарға арналған «Қазақ ССР тарихы» оқулығында «Кенесары Қасымовтың 1937-1938 жылдардағы феодалдық монархиялық қозғалысы» деп аталатын 29-параграф бір-ақ беттен тұрады. Осы беттегі «Кенесары Қасымовтың қозғалысы реакцияшыл, қазақ ақсүйектерінің феодалдық монархиялық қозғалысы еді. Бұл қозғалыс Қазақстанда ортағасырлық тәртіпті нығайтуға бағытталып, Қазақстанның Россияға қосылуына бөгет жасалды» деген қорытынды жоғарыда аталған «Правда» газетіндегі тұжырыммен сөзбе-сөз сәйкес келеді.2010 жылы Мәскеудегі «ЖЗЛ» сериясы аясында Бекмаханов туралы кітап шығарған зерттеуші Медеу Сәрсеке 1951 жылғы атышулы мақаланы «Правда» газетінің өз қызметкерлері ұйымдастырған деген пікір айтады.
«Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов оған қол қоюға тиісті адам екен. Бірақ Жұмекең авторлықтан иланымды желеу айтып бас тартқан соң, орталықтағы билік оны жоғарыдағы үшеумен ауыстырған. ...Әрине, неше жыл бойы соңына шам алып түсіп, «домалақ арыз» жолдап, түрліше айтыс-тартыстар да ұйымдастырып, пышағын қайрап жүрген қызғаншақ әріптестері өз ортасындағы жалғыз докторды солтүстіктегі жер түбіне жөнелтуге ерекше белсенділік көрсетіп, әпербақандық танытқаны – бүгінде де зор қынжылыспен мойындайтын ащы шындық!» дейді
1952 жылы Бекмаханов істі болып жатқанда Т.Шойынбаевтың «Кенесары Қасымовтың реакцияшыл феодалдық-монархиялық қозғалысын баяндаудағы ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы» деп аталатын кітапшасы республикаға жаппай таратылып, үгіт-насихат жұмыстарында қолдан түспейтін құралға айналды. Бекмаханов ақталғанымен «Кенесары қазақ халқының жендеті және тұншықтырушысы болды. Ол өздерінің төлеңгіттерінен шайка ұйымдастырды» дейтін пікірлерінен Т.Шойынбаев бас тартқан жоқ. Қазақстанның Ресейге қосылуының 225 жылдығына арналған «Қазақ халқының тарихындағы ұлы оқиға» деп аталатын мақаласында осы сарындағы пікірлерін тағы да қайталады.
Достарыңызбен бөлісу: |