10-сынып Биология зертханалық жұмыстар


Зертханалық жұмыстың қадамдары



бет5/13
Дата20.10.2022
өлшемі1,59 Mb.
#154141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
10-сынып Био зертханалык жұмыс (1)

Зертханалық жұмыстың қадамдары

Жоспарланатын іс-әрекет

Жоспарланатын іс-әрекет

Тақырыптың тұжырымдалуы

Біз нені зерттейміз?

Зерттеу нәтижесімен не істеймін?

Гипотезаның тұжырымдалуы

Біз қандай нәтиже ала аламыз?

Егер биологиялық нысандарды зерттесе, онда нәруыздың болуын анықтауға болады.

Мақсаттың тұжырымдалуы

Зерттеуді не үшін жүргіземіз?

Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау

Зерттеу әдісін анықтау

Бұны қалай (әдіспен) зерттейміз?

Биурет реакциясы

Реактивтер мен жабдықтарды анықтау

Экспериментті қалай жүргізе аламыз?

10 мл жұмыртқа альбумині, 10 мг желатин, 2 мл сүт, 2 мл өсімдік майы, 2 мл сахароза, 10 мл 5% калий гидроксиді (КОН), 1 мл NaOH, 2 мл CuSO4, тамшуыр, 5 сынауық, сынауықтарға арналған штатив, 100 мл 2 өлшеуіш стақан.

Жұмыс кезеңдері

Мақсатқа жету үшін қандай қадамдар жасау керек?

1. Нәруыз және желатин ерітінділерін дайындау.
2. Зерттелетін нысандардағы нәруызды анықтау.

Нәтижелерді графикалық ұсыну тәсілдері

Зерттеу нәтижелерін қалай ұсынамын/көрсетемін?

Нәтижелер кестесі.

Қорытындыларды тұжырымдау

Зерттеу нәтижесімен не істеймін?

Нәтижелер нысандарда нәруыздың болуын анықтауға мүмкіндік береді.

Биологиялық нысандарда нәруызды анықтау үшін Биурет, Миллон, Паули реакциясы, ксантопротеинді және т.б. бірнеше әдістер бар. Сапалық реакция жүргізу үшін ерітінді түсінің өзгеруі маркер болған кезде Биурет реакциясы жиі қолданылады. Биурет реакциясын жүргізу кезінде қарапайым реактивтер мен зертханалық жабдықтар және аз ғана уақыт қажет.
Нәруызды анықтау үшін бір жұмыртқа ақуызын өлшеуіш стақанға саламыз. Стақанға жұмыртқа ақуызы мен дистильденген су (1:1) бірдей көлемде құйып, жұмыртқа ақуызының алынған ерітіндісін шыны таяқшамен мұқият араластырамыз. 100 мл ыстық суы бар басқа өлшеуіш стаканда негізі коллаген 10 мг тағамдық желатин ериді.
Эксперимент жүргізу үшін бес сынауық алынады. Бірінші сынауыққа 2 мл жұмыртқа ақуызының ерітіндісі, екінші сынауыққа 2 мл желатин ерітіндісі, үшінші сынауыққа 2 мл сиыр сүті, төртінші сынауыққа 2 мл өсімдік майы, бесінші сынауыққа 2 мл сахароза ерітіндісі құйылады. Осылайша сынауықтардың барлығында биологиялық нысандарда кездесетін органикалық заттар құйылады. Биологиялық нысандары бар барлық сынауықтарға 2 мл 5% калий гидроксиді (KOH) қосылып, алынған ерітінді шыны таяқша арқылы мұқият араластырылады. Содан кейін барлық сынауықтарға 2 тамшыдан мыс сульфаты немесе CuSO4 қосып, сынауықтарды қыздырмас бұрын мұқият араластырылады. Бұған дейін қосылған (KOH) әр сынауықта сілтілік ортаны құрады, онда нәруыз молекуласының құрамындағы азот атомдары мыс иондарымен қызылкүрең (күлгін) түске боялған кешенді түзеді.
Бірнеше минуттан кейін жұмыртқа альбумині, желатин (коллаген), сүті бар сынауықтардағы ерітінді ақырындап қызғылт-күлгіннен қызыл күрең немесе күлгін түске дейін өзгереді. Өсімдік майы мен сахарозаның түсі өзгермейді және бұрын қосылған мыс сульфатына байланысты көк болып қалады.

№6 зертханалық жұмыс


«Ферменттер белсенділігіне әртүрлі жағдайлардың әсері» зертханалық жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет