Қыры 2 дм-ге тең куб берілген.
Куб жазбасын кескіндеңіз.
Қоңыз А нүктесінен В нүктесіне дейінгі жолды кубтың қабырғалары және қабырғалардың диагональдары арқылы жүріп өтеді. Оның жүруі кезінде ең аз болатын жолдың кескінін куб жазбасында көрсетіңіз.
Дұрыс тетраэдрдың бір қыры 3 м тең. Көпжақтың толық бетінің ауданын табыңыз.
Алтыбұрышты дұрыс пирамиданың бүйір қыры 37 см, ал табан қыры 24 см тең.
Пирамиданың бүйір бетін табыңыз.
Пирамиданың толық бетін табыңыз.
Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың табан қабырғалары 4 см және 8 см тең. Пирамиданың бүйір қырлары табан жазықтығымен 600 бұрыш жасайды. Қиық пирамиданың толық бетін табыңыз.