БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ,
1-нұсқа
Оқу мақсаттары: 10.4.4.1- магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін анықтауды үйрену
10.4.4.2- электр өлшеуіш құралдардың,электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру
10.4.4.3- Ампер күшіне есептер шығару
10.4.3.4- Лоренц күшіне есептер шығару
Оқу деңгейі- қолдану,бағалау
Оқу критерийлері- магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін анықтауды үйренеді, электрөлшеуіш құралдардың,электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіреді, Ампер күшіне және Лоренц күшіне есептер шығарады
1 тапсырма Сәйкестендіру [1]
Физикалық шама
Анықтамасы
Магнит индукциясы
Электр өрісінің тогы бар өткізгішке магниттік әсерін сипаттайтын шама
Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке күштік әсерін сипаттайтын шама
Өткізгіштің күштік әсерін сипаттайтын шама
2 тапсырма (шығарылу жолын көрсет) [5]
F,Н
q, Кл
B, Тл
ϑ, м/с
?
23
52
10
45
?
60
8
52
8
?
20
3 тапсырма [2] Магнит өрісінде зарядталған бөлшектердің траекториясының қисықтық радиусы қалай өзгеретінін түсіндіріңіз
4 тапсырма [2] Материалдарды сәйкес топтарға орналастыр: қорғасын, хром, мыс, алюминий
Диамагнетиктер
Парамагнетиктер
5 тапсырма [3] Радиусы 0,2 м сымнан жасалған сақина біртекті магнит өрісінде индукция сызықтары оның жазықтығына перпендикуляр болатындай орналасқан. Магнит өрісінің индукциясы 0,02 Тл. Егер оны 1800 –қа бұрсақ, сақинаны тесіп өтетін магнит ағыны неше есе өзгереді?