10 сыныпқа физика пәнінен ІI тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. 1. Орташа кинетикалық энергияның қалай өзгеретін себебін түсіндіріңіз;
1.2 Егер аргонның температурасын 2 есе арттырса, онда орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгеретінің көрсетіңіз.
2. T=300 K температурадағы газдың тығыздығы ρ=1,2 кг/м3 , ал молекуланың орташа квадраттық жылдамдығы ϑ=500 м/с.
2.1. газдың қысымын анықтаңыз (k=1,38∙10-23 Дж/К);
2.2.осы газдың молекуласының концентрациясын есептеңіз.
3. Массасы 5 кг, мольдік массасы 4∙10-3 кг/моль газдың 500 K температурадағы қысымы 150 кПа. Газ тұрған ыдыстың көлемін анықтаңыз (R=8,31 Дж/моль∙К) (бірнеше жауапты таңдаңыз).
A) 34600 л
B)34,6 м3
C)48500 л
D)48,5 м3
E)0,346 м3
4. Қалыпты жағдайдағы ауаның тығыздығы ρ=1,29 кг/м3.(p0=100, T0=273 K, R=8,31 Дж/моль∙К). Ауаның молярлық массасын есептеңіз.
5.170C температурадағы көлемі 4 л газдың 770C температурада көлемі қандай болатынын есептеңіз?
6. Идеал газ күйі суреттегі график бойынша өзгерген. 1-күйде газ температурасы T0 болса, онда 3- күйдегі газ температурасын анықтаңыз.
7. Массасы m = 1,4 кг азоттың температурасы адиабаталық ұлғаю нәтижесінде 20 К-ға төмендеді. Ұлғаю кезінде газ қандай жұмыс жасады? (R=8,31 Дж/моль )
8. Көлденең қимасы 1мм2 және ұзындығы 1 м, 0.2кH-ға тең оған жүктеме түсіргенде болат сым 1 мм ұзартылды.
8.1. Серпімділік модулін анықтаңыз;
8.2. Болаттың механикалық кернеуін есептеңіз.
Барлығы 30 балл
Достарыңызбен бөлісу: |