100 метрге жүгіру. Эстафеталық ойындар. Жеңіл атлетика жаттығулары



Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#83184
Байланысты:
100 метр жүгіру Жасанова Назерке

Ақтөбе гуманитарлық колледжі


Жеңіл атлетика Мәре сызығын барынша жылдамдықпен жүгіріп өту
Жеңіл атлетика.
Орындаған: Жасанова Н.
Тексерген: Кадиркулов Ж.

100 метрге жүгіру. норматив

100 метрге жүгіру

100 метрге жүгіру төрт кезеңнен тұрады: 1. Төменгі сөреде тұру. 2. Төменгі сөреден шығу. 3. Ара қашықтық бойы жүгіру. 4. Мәреден өту.

  • «Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру.
  • «Дайындал» деген бұйрықта көтерілу. 
  • «Жүгір» деген бұйрықта аяқ -қолды тез-тез қимылдатып, 20 метрге дейін аяқты жиі-жиі басып, қарқын алғанша жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп, мәре сызығын кесіп өту қажет.

Сөреден шығу

Қысқа қашқтыққы жүгірудің пайдасы

  • Мамандардардың айтуынша, жүгіру-дене жаттығуларының барынша оңай және тиімді түрі. Күнделікті жүгіруді әдетке айналдырғандар өздерін сергек әрі жеңіл сезінеді. Олардың жұмысқа деген қабілеттері артып өзгелерден тындырымды жұмыс атқарады. Бойларындағы артық салмақтан арылып, икемділігімен көзге түседі. Жүгірумен жүйелі түрде және ұзақ уақыт бойына шұғылдану қуатты үйлесімді дәрежеде жұмсауды реттеп қана қоймайды, сонымен бірге ағзаның жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерін нығайтуға мумкіндік береді.

Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен.

Жеңіл атлетика Қазақстанда

  • Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті.
  • Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). 
  • Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды.
  • Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.
  • 2012 жылы О.Рыпакова Лондон Олимпиадасында ұзындыққа үштеп секіруден басып озып, Олимпиада чемпионы атанды. Ол 14,98 м көрсеткішке қол жеткізді.

Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді.

Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа - 800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады.

Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

Жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері

  • Қысқа қашықтықтарды тек өз жолымен жүгіру керек;
  • Басқа жүгірушінің жолына өтіп кетуге болмайды;
  • Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды;
  • Қатарласа жүгіріп келе жатқан сыныптастарымен әңгімелесуге, оларға тым жақындауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет