100 СҮННЕТ:
1. Құран əдебін бойына сіңіріп, соған сай өмір сүру.
2. Əр істі «бисмиллəмен» бастау.
3. Сəлем беру жəне сəлемге жауап қайтару.
4. Адамдармен қол алысу, қажет болса құшақтасу.
5. Адамдардың хал-жағдайын сұрау, амандық- саулық сұрағанға жауап қайтару.
6. Қай жерде немесе қай жаста болмасын ілім үйрену.
7. Үйренген ілімін адамзаттың пайдасына қолдану, оларды басқаларға үйрету жəне білген
ілімдерін бөлісу.
8. Бір хабарды жеткізгенде сүйіншілеу жəне жеңілдету.
9. Адамдардың істеген нəрселерін ниеттеріне қарай бағалау.
10. Жастық шақтың қадірін білу.
11. Уақытты бағалай білу.
12. Денсаулықтың қадірін білу, рух жəне дененің саулығын қорғау, денсаулыққа зиян
тигізетін нəрселерден сақтану.
13. Аурудың емін іздеу.
14. Адамдардың əрдайым қолданысына жарайтын еңбектер жазып, қайырлы, пайдалы
мирас жəне өшпес үлгі қалдыру, еңбек ету мен жақсы əдетті дамыту.
15. Өзінің мамандығының шеңберінде ғана сөз сөйлеп, жұмыс істеу.
16. Халықтың Исламның негізгі қағидаларына қайшы келмейтін əдет-ғұрып,
салт-дəстүрлерін қолдап, оны əрі қарай жандандыру.
17. Бір қателікті екі рет қайталамай ақылдылықпен, парасаттылықпен əрекет ету.
18. Екі күні бір-біріне ұқсамай, үнемі алға жылжуға жəне өзгеріс енгізуге тырысу.
19. Сөйлегенде байсалдылық танытып, қанағаттанарлық дəрежеде сөйлеу.
20. Пайдалы сөз сөйлеу не болмаса үндемеу.
21. Нақты əрі түсінікті тілде жəне қасындағы адамның дəрежесіне қарап сөйлеу.
22. Кішіпейіл, инабатты болу.
23. Жылы жүзді болу.
24. Аз күлу.
25. Қорқақ болмау, батыл бола білу.
26. Мұсылмандарды бауыр санап, олардың қуанышымен бірге қуану, мұңлы жəне
қайғылы сəттерін бірге бөлісу.
27. Адамдардың бəрін бірдей Алланың жаратқан құлдары деп білу, оларды құрметтеу
жəне оларға сүйіспеншілікпен қарау.
28. Табиғаттағы тіршілік иелерін жəне жан- жануарларды қорғау.
29. Үлкендерді құрметтеп, кішілерге мейірімділік пен қайырымдылық көрсету.
30. Үш күннен артық ренжімеу жəне ренжіскендердің арасын татуластыру.
31. Ағайын-туыстарғажəнежора-жолдастарға барып тұру.
32. Уəдесіне берік болу; ағайын-туыс, жора- жолдастармен қарым-қатынасты үзбеу.
33. Балаларға жақсы ат қою.
34. Дүниеге келген бала үшін шүкір құрбандығын (ақиқа) шалу.
35. Жеті жастан кейін балаларға дінді үйрету.
36. Балалардың арасын бөліп-жарып қарамау.
37. Отбасының тəртібі мен тұрақтылығына мəн беру; ерлі-зайыптылардың бір-бірінің
құқықтарына құрмет көрсетулері; отбасын басқаруда отағасының белсенді рөл атқаруы.
38. Ерлі-зайыптылардың бір-бірлерін жақсы көріп, құрмет көрсетулері жəне бір-бірлерінің
ар- намыстарын, абыройларын қорғаулары.
39. Ауруларды зиярат ету.
40. Қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айту.
41. Көршілерге қарайласу.
42. Кейбір намаздарда парыздан бұрын, кейбіреуінде парыздан кейін сүннет намаздарын
оқу, мүмкіндігінше нəпіл намаздарды оқуға тырысу.
43. Мүмкіндігінше жамағатпен намаз оқуға тырысу.
44. Дəретпен жүру.
45. Адамдарды жиіркендіретін лас, жағымсыз иіс, ұнамсыз көрініс, киім жəне жаман іс-
əрекеттер мен сөздерден сақтану.
46. Дұға жасағанда қолды көтеру жəне бет сипау.
47. Дүйсенбі күндері ораза ұстау.
48. Адамдарға Исламды жеткізгенде əдептілік пен сыпайылық танытып, түсіністікпен
қарап, бірбеткейліктен аулақ болу.
49. Адамдардың қажеттіліктеріне қол ұшын беру.
50. Басшылардың əділетті, сөздеріне берік, мейірімді болулары жəне төңірегіндегілермен
ақылдасулары.
51. Нəсіл, дін, діл, қоғам, заң, экономика, ер- əйел, бай-кедей деп бөліп-жарып қарамау,
осылай жасағандарды қоғамнан алыстату.
52. Ең қиын шарттарда жəне уақыттарда болсын қорқақтық танытпау.
53. Қиыншылық пен жоқшылыққа қарсы күресе білу.
54. Тура сөзді болу.
55. Сенімді болу.
56. Сөзінде тұру.
57. Саудаласып қойған сауда ісіне килігіп, араны бұзбау.
58. Пара алмау, пара бермеу.
59. Бөтен үйге рұқсатсыз кірмеу.
60. Бөтен үйдің есігін үш рет қағу немесе қоңырау тетігін үш қайтара басу.
61. Отырғанда əдебіне сай сыпайылықпен отыру.
62. Шақырылған жерге бару.
63. Сыйлық беру, берілген сыйлықты алу.
64. Тамақ жегенде асықпай сіңіре отырып жеу жəне өз алдынан жеу.
65. Суды үш реттен ұрттап, мүмкіндігінше отырып ішу.
66. Бір нəрсе жеп жатып сөйлемеу, əлдекім жеп жатқанда аузына қарамау.
67. Адамдармен сөйлескенде жүзіне қарау.
68. Кешірім сұрау, кешірімді болу.
69. Кешірімшіл болу, өш алмау.
70. Ашуланғанда өзін ұстай білу.
71. Адамдарға жəне жануарларға қиянат жасамау.
72. Адамдарды шектен тыс көздерінше мақтамау.
73. Кішіпейіл болу.
74. Тіліне ие болу, ғайбаттан, жалақорлықтан, өсек айтудан сақтану.
75. Балағаттамау жəне жаман сөз сөйлемеу.
76. Ешкімге қарғыс айтпау, қарғыс айтудан жəне қарғысқа ұшыраудан сақтану.
77. Қанағатшыл болу, өзіне жетерлік нəрсеге қанағат етіп, қолында барына разы болу.
78. Ұятты, əдепті жəне арлы болу.
79. Əлдекімнің сұранысын қабылдамағанда, сыпайылық танытып жұмсақ тілмен жеткізу.
80. Биязы жəне жанашыр болу.
81. Қонаққа жақсы қарым-қатынас көрсетіп, оны күту.
82. Əлсіздің жəне жапа шеккен адамдардың жанында болу.
83. Жетімдерге, жесірлерге, кедейлерге, жолда қалғандарға, əлсіз жəне ешкімі жоқтарға,
аш қалғандарға қолдау көрсетіп, жəрдем беру.
84. Адамдардың мұқтаждықтарына қол ұшын созып көмек көрсету. Қарыз болған кісіге,
тұтқынға жəне өзгелердің бодауына түскендердің құтылуына жəрдем беру.
85. Жолды білмегендерге жол көрсету.
86. Кемтарларға, мүгедектерге баскөз болып, қамқорлық жасау.
87. Сыртқы келбетіне мəн беру.
88. Өте сəнді жəне көз тартарлықтай киінбеу, қарапайым киіну.
89. Қалай болса солай киініп халықтың арасына шықпау.
90. Жұмысшыға маңдай тері қатпай тұрып ақысын беру.
91. Кісінің өз шаруасын өзі істеп, басқаларына жүк болмауы.
92. Кез келген уақыт жəне кез келген істе орта жолды ұстанып, шегінен шықпау жəне
шегінен тым азайтып та жібермеу.
93. Қоғамдық тəртіпке зияны тиетін іс- əрекеттерден сақтану, осылай жасаушылардан сақ
болып, оларға қарсы күресу.
94. Өзіне қатысы жоқ істерден бойын аулақ ұстау.
95. Басқаларға зиянын тигізбеу.
96. Өзіне қалаған нəрсені басқаға да қалау.
97. Түшкіргенде «əлхамдулиллə» – деп айту. Мұны естіген адам түшкірген кісіге есендік
тілеп, лажы болса «ярхамукаллаһ» деп айту, түшкірген кісіге де «яһдини уа
яһдикумуллаһ» – деп жауап қайтаруы қажет.
98. Есінегенде ауызын жабу.
99. Ағаш егу.
100. Құран Кəрім, Қағба, құбыла, мешіттер, азан, қажылық жасалатын жерлер, құрбан
шалу, сүндетке отырғызу сияқты Исламның нышандары мен рəміздерін (шеəйри – Ислам)
қорғау, өмір сүруін қамтамасыз ету, басқа дінжəне сенімдердің рəміздерін тақпау.
Достарыңызбен бөлісу: |