43. Соңғы етеккірі 10 шілдеде келегенде, босану күні қандай? а) 17 сәуір
б) 17 маусым
в) 3 наурыз
г) 3 сәуір
44. Ұрық қимылын қайталап босанушы қашан сезеді? а) жүктіліктің 11 аптасында
б) 18 аптада
в) 20 аптада
г) 22 аптада
45. Босанудың ІІ кезеңіне не тән? а) жатыр мойнының ашылуы
б) қағанақ суының кетуі
в) сәбидің дүниеге келуі
г) бала жолдасының түсуі
46. Бала жолдасының бөлініп түсуі босанудың нешінші кезеңі? а) І кезеңі
б) ІІ кезеңі
в) ІІІ кезеңі
г) босанғаннан кейінгі ерте кезең
47. Толғақ басталған уақытынан, бала жолдасы түскенше әйел қалай аталады? а) жүкті әйел
б) босанушы әйел
в) босанған әйел
г) толғатқан әйел
48. Жатыр мойнының толық ашылуы деген не? а) 6 см ашылуы
б) 15 см ашылуы
в) 10 см ашылуы
г) 4-5 см ашылуы
49. Жатыр мойны неше см-ге ашылғанда қағанақ суы кетуі керек? а) 10 см-ге ашылғанда
б) 6см-ден жоғары ашылғанда
в) толғақ басталғаннан кейін
г) 3-4 см-ге ашылғанда