Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
8-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» 4
Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика» 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10
Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика» 10
Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис» 13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» 16
Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң.
Синтаксис» 19
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 23
Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис» 23
Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация» 26
Достарыңызбен бөлісу: |