11. Аяқталуы [13: 33



Дата21.03.2022
өлшемі12,78 Kb.
#136491
Байланысты:
1 Айқай


[13:20, 29.03.2021] Skay._.07: «Айқай» жинағының алғы сөзінде өзінің Туркия еліне сапары,ескі Анкара қорғанын аралауы,сонда көрген жайларын, бөленген əсерін тамсана айта келе, көне түрік мінез өнер сүйер қауымды бей-жай қалдыра қоймас құдіреті, оның таза түріктік болуы себепті, тарихы да арғы замандарға енетінін сезіп жүргенде, теледидардан түрік соғысын бейнелеген сериал көріп, айналып келгенде осылардын барлығының да осы повестің тууына себепші болғанын айтады.
[13:21, 29.03.2021] Skay._.07: Бұл шығармада қаламгер қазақ то­пы­рағынан шығандап шығып, сонау грек-түрік соғысы оқиғасына араласып кетеді. Жазыл­мас дертке ұшыраған қарапайым түрік ба­ла­сының қиын тағдырын тілге тиек ете оты­рып, болған соғыстың ақ-қарасын, ауыр сал­мағын ой безбеніне салады.
[13:29, 29.03.2021] Skay._.07: АЙҚАЙ (Т.Нұрмағамбетов)

Мехмед — Тороның жігіті


Айше — сарешкілі йорік қызы
Фаима, Айнұр, Гүлдан, Өзләм, Сұлтан — балалары
Аркисалай — жүзім бақшасы бар шал
Сұлтан Сәлі — жорықьағы ханы
Хиос — Эгей аралы
Дионис — шалдың немересі
Агенора мен Соломос, Перекл мен Пелид — Аркисалайдың достары
Хлоя — ән сабағының мұғалімі
Дион — Дионистың мектептегі досы
Капралос — мектеп директоры
Алкамен — есем сабағының мұғалімі, ағай
Жеңгиз - Анталиядағы танысы,
Жалаңаш тауы - алапес аурумен аурушылардың тұрағы
1. Мехмедтің жолға жиналуы
2. Мехмедтің өткенді ойлауы
3. Дионис туралы
4. Грек баласының көріпкелдігі
5. Көріпкелдің Дионис болуы
6. Сұлтанның даңқы мен ауруы
7. Мехмедтің Сұлтанға жол жүруі
8. Дионистың Хлоя әнін естіп, еліне қайтуы
9. Мехмедтің ұлын көріп, қашуы
10. Дионистың Мехметтің өлігін көруі
11. Аяқталуы
[13:33, 29.03.2021] Skay._.07: Айқай болу себебі, Мехмед образы көбіне ойда жүретін адам ғой. Бірақ соңына қарай айқайлайды Аркисалайды көргенде.
[13:43, 29.03.2021] Skay._.07: Екінші жағынан соғыстың зардабының зиянын өз баласына кесел келтіру арқылы алдына әкеліп көрсеткендей. Соғыста бәленбай бала өліп ата аналар қайғырса, Мехмед баласынан тірідей айырылады
Белгілі қаламгер Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Айқай» повесі сонау грек-түрік соғысы тақырыбына арналған. Жазылмас дертке ұшыраған қарапайым түрік баласының тағдырын арқау ете отырып, жазушы соғыс жеңімпазының қуанышы, жеңілушінің қайғысы ғана емес, сонымен бірге соғыс – зауал деген ой тұжырымдайды.
Жазушы бұл повестің алғысөзінде Түркияға барған сапардың әсерінен туғанын жазады: «көне түрік биі... ескі Анкара қорғаны... және фильмдегі алапес дертіне ұшыраған түріктердің тағдыры... уақыт өте келе осы повестің тууына себеп болды».
« ...Ол бір замандарда жас түрік жігіттерінің арманы не еді? Ертерек ержетіп, жорықтарға аттану. Жорықтарда да жеңіске жетіп, елдеріне оралу. Сұлу жар сүю, ұл қызды болу. Ұзақ-ұзақ бақытты өмір кешу. Оһо дегеніңіз... Ол замандарда түріктің жас жігіттерінің қандай арманшыл болғанын сіз, сірә, сол жас түріктің өзіндей болып қиял дүниесіне шым батып кете алмаған жағдайда толық мәнін түсіне алар ма екенсіз!?» - деп жазушы шығарманың басталуында өзге ел өмірінен оқырманға дерек беріп қояды. Түрік ұлтының Қазақпен түбі бір болғанымен салт санасы, дәстүр мәдениеті бөлек. Осы орайда өзге ел туралы, оның тарихының бір бөлігі туралы мұндағы қазақтың жазуы әлбетте оңай емес. Ол үшін үлкен ізденістің керегі анық еді. Шағын әңгіме жазу үшін де сол жазбақ елдің өмір сүру қалыбын білмек керек. Ал осы аталмыш повестің өне бойынан Тынымбай жазушының тымбай еңбектенгені көрінеді. Торо тауының баурайында ержеткен Мехметтің бүкіл өмірін повеске арқау ете отырып, грек-түрік соғысын егжей-тегжейлі баяндайды.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24752/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет