Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. (М.В.Кларин) Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. (Б.П.Беспалько) Оқыту технологиясы оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе кызметін атқарады. (Г.Селевко) Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқаруда төмендегі екі технологиялар топтамасы қолданылады: Мектепішілік басқару технологиясы:
Әдістемелік жұмысты басқару технологиясы, соның ішінде, педагогикалық кеңесті өткізу. (Г.К.Селевко)
Білім беру мекемесін басқаруды оңтайландыру технологиясы. (Ю.К.Бабанский)
Жалпы білім беру мектебін басқарудың базалық технологиясы, соның ішінде, дамыту режимінде мектепті басқару (П.И.Третьяков)
Педагогикалық сараптама технологиясы
Мектепішілік мониторинг технологиясы
Жобалау технологиясы
Достарыңызбен бөлісу: |