11.2 Электр тораптары сұлбаларының құрылу принциптері
Сұлбаларды құруда электр тораптарының үлкен көптүрлілігі қолданылады. Оларды шартты түрде радиалды және тұйық деп бөлуге болады.
Радиалды тораптар сұлбаларындағы (11.1 суретін қара) жүктеменің түйіндері электр энергияны бір қоректендіру орталығынан ҚО алады. Соның ішінде, бір тізбекті желіге жүктеменің тек бір түйіні (11.1,а суретін қара) немесе бірнеше түйіні (11.1, б суретін қара) қосылуы мүмкін. Желі тарамдалған болуы мүмкін (11.1,в суретін қара) 6 – 10 кВ таратушы тораптарында қоректену орталығы таратушы пунктіне ТП қосылуы мүмкін, олардан желілер тікелей жүктеме түйіндеріне тарайды (11.1,г суретін қара). ҚО мен ТП арасында екі тізбек төселуі мүмкін. Бұл кезде торап жартылай резервтіге айналады (11.1,д суретін қара).
Радиалды тораптар қарапайымдығына байланысты, аса арзан болып табылады, бірақ соған байланысты олардың электрмен жабдықталу беріктілігі төмен болып табылады. Сондықтан оларды көбінесе қуаты аз жүктеме түйіндерін қоректендіру үшін, сонымен бірге, торап бойынша төменгі кернеуді резервтеу мүмкіндігі туған жағдайда қолданылады.
11.1 Сурет
Электрмен жабдықтау беріктілігін жоғарылату үшін екі қатарлы радиалды тораптар қолданылады. Бір радиалды тораптағы сияқты, оларға жүктеменің бір түйіні (11.1,е суретін қара), бірнеше түйіні (11.1, ж суретін қара) қосылуы мүмкін. Торап тарамдалып орындалуы мүмкін (11.1,з суретін қара). Мұндай торапта тұтынушыларды қоректендіруді резервтеу қамтамасыз етіледі. Мұндай тораптардың желілері екі тізбекті тіректерде немесе жеке дара тіректердегі екі тізбек түрінде орындалуы мүмкін. Қосалқы стансалардың қалыпты режімде қосылу сұлбаларына байланысты, желілер параллель немесе бөлек жұмыс істеуі мүмкін.
Тұйық тораптардың сұлбаларында жүктеме түйіндері екі немесе бірнеше жақтан қорек алуы мүмкін.
Бір (11.2, а суретін қара) немесе екі (11.2, б суретін қара) радиалды тораптармен орындалған сақиналы конфигурацияның тұйық тораптарын қолданады, олардың бір кемшілігі, бір қоректену орталығына қосылған. Ол ҚО қоректенетін, бір (11.2, в суретін қара) немесе екі қатарлы тұйық тораптардан (11.2, г суретін қара) шеттетіледі. Ең жоғары беріктілікке түйіндік тораптар ие (11.2, д суретін қара), оларда қосалқы стансалар қоректенуді үш ҚО алады. Көп контурлы тораптар аса күрделіге жатады, олардың жеке бөліктері бір әлде екі қатар желілермен (11.2, е суретін қара) немесе түгелдей екі қатарлы желілермен (11.2, ж суретін қара) орындалуы мүмкін.
11.2 Сурет
Достарыңызбен бөлісу: |