Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
Жаттығу. Мәтіндегі екпін түрлерін анықтаңыз.
Далада қой бағып жүрген бала Әйтеке үш аттылы жолаушыға жолығады.
– Ассалаумағалейкум, ағалар,-деп бала ізетпен үлкендерге сәлем береді. Баланың сәлеміне риза болған үш жолаушы:
– Ауылда ойнап жүрген баламызды осы елдің бір жолаушы дамының аты теуіп, жазым қылды. Соның құнын даулап, бітімін қылайық деп келеміз. Қосуақ бидің ауылы қайсы?-деп сұрайды
Бала Әйтеке:
– Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар. Бидің ауылы – анау боз үй, жолдарыңыз болсын! - дейді.
Жолаушылар келсе, Әйтеке бала айтқандай, Қосуақ би де осындай төрелік айтыпты. Баланы түздегі ат тепкендіктен құнның төрттен бір бөлігін төлеп қайтарады.
Сонда өлген баланың әкесі:
– Апырмай, осы билікті бізге далада кездесіп, жөн сілтеген бір қойшы бала айтып еді. Түбінде сол бала елді аузына қарата-тын би болады-ау! – депті. («Шешендік шиырлары» кітабынан).
Сөз екпіні: жолығады, береді, сұрайды, дейді, қайтарады.
Дыбыс екпіні: Апырмай, Ассалаумағалейкум
Ой екпіні:Далада қой бағып жүрген бала Әйтеке үш аттылы жолаушыға жолығады. Қосуақ бидің ауылы қайсы? Бидің ауылы – анау боз үй. Ауылда ойнап жүрген баламызды осы елдің бір жолаушы aдамының аты теуіп, жазым қылды.
Тіркес екпіні: үш аттылы, бүтін құн, жарты құн, боз үй. үш жолаушы, төрттен бір , бала Әйтеке, жазым қылды.