3- сабақ Антропогенездiң қозғаушы күштерi.
Кезеңдер:
|
Оқушыларға берілетін деңгейлі тапысрмалар
|
І кезең Ұйымдастыру ( 5 минут)
|
«Көпір»
тапсырмалары
жаңа тақырыпқа қажетті тапсырмалар
|
1. Эволюцияның қозғаушы күштерiн ата.-----------------------------
2. Антропогенез дегеніміз ----------------------------------------------------------
3. Ж.Б.Ламрк жүйелеуде адамды қайда орналастырды?
|
ІІ кезең Жаңа сабақты оқулықтан өздігінен меңгеру тапсырмалары
арқылы мағынаны тану ( 20 минут)
|
« Білу»
Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?
|
§ 44 , 1 - тақырыпша бойынша өздiк жұмыс.
1. Антропогенездiң биологиялық қозғаушы күштерiне:
1. --------------------------2.-------------------------------3.--------------------------------------
§ 44 , 2-3 - тақырыпша бойынша өздiк жұмыс.
2.Антропогенездiң әлеуметтiк қозғаушы күштерiне:
1.-----------------------2.---------------------3. -----------------------------4. -------------
3. Антропоморфоз дегеніміз -----------------------------------------------------
|
«Түсіну»
Не себепті?Неліктен?
|
1.Егер маймылдың қасында таяқ жатса, ол оны құрал етiп пайдалана алады. Мысалы : алма ағашынан алманы сол таяқпен құлатып түсiрудi бiледi.Бiрақ, олар . . . . . . . . . . . . . . . . . .алмайды
2.Маймылдар алғашында . . . . . . . . . . . . тiршiлiк еткен.
3. “Қол . . . . . . . . . . . ғана емес, сонымен бiрге қол . . . . жемiсi.”- деген Энгельстiң тұжырымын түсiндiр.--------------
|
« Қолдану»
қарапайым тапсырма
|
1.Адамның ең алғашқы маймылға ұқсас ата тектерi де ------------------өмiр сүргендiктен, олардың еңбек етуi де---------------сипатта болды.
2.Жануартектi тағамға көшу адам ағзасына қандай өзгерiстер енгiздi.?-------------------------------------------------------------------------
|
«Талдау» салыстыр,ұқсастығы, айырмашылығы неде?
|
«Адамды адам еткен еңбек» деген Ф.Энгельстің тұжырымын адам эволюциясындағы еңбектің ролімен салыстырып, тұжырымды мысалдармен дәелде? ---------------
|
ІІІ кезең Кері байланыс деңгейлік тапсырмалар арқылы бағалау (12 минут + 3 минут рефлексия).
|
1- деңгей ( 5 балл)
|
« Білу»
Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?
|
1. Антропоморфоз дегеніміз не? ---------------------------------------------
2. Антропогенездiң биологиялық қозғаушы күштерi--------
3. Антропогенездiң әлеуметтiк қозғаушы күштерiн ата—
|
2- деңгей ( 5 балл+ 4 балл= 9 балл)
|
«Түсіну»
Не себептен?
|
4.Не себепті ежелгі адамдармен салыстырғанда қазiргi адамдардың төмендегі мүшелерінде айырмашылық пайда болды?
5.Қолында ------------------------------------- , омыртқа жотасында -----
6.Адамдардың қандай жағдайда тiршiлiк етуi , олардың ымдау, ишарат жасау қабілеттерін дамытты?
|
« Қолдану» қарапайым тапсырма
|
7. Адам қандай әрекеттері арқылы өзі өмір сүріп отырған ортаға ықпал жасай бастады?----------------------------------
-
|
« Талдау»
Салыстыр,ұқсастығы, айырмашылығы неде?
|
Еңбек құралдарының күрделенуі
Австролопитек, питекантроп, ертедегі адам, кроманьон, қазіргі адам
8.Жоғарыдағы құралдарды салыстыра отырып, сананың дамуына әсер ететін негізгі фактор, неліктен, құралдарды қолдану емес, құралдарды дайындау болып табылатынын түсіндір -------------------------
|
«Жинақтау» қорытынды шығар
|
9. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты, жерде бізді саналылырақ жаңа түр ауыстыруы мүмкін бе?................................................
10. Биологиялық түр ретінде адамның болашағы қандай? .................................................................................................................
|
3- деңгейлі ( 9 балл+ 3 балл =12 балл)
|
Үйге тапсырма:
« Баға беру»
арқылы ой-толғау
Сен қалай ойлайсын?
|
“Абай тағылымынан”
“Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл - адамға нұр болады.” –деген тұжырымын өмірде қандай жағдайларда қолданар едің?.
|
Рефлексия
|
Сабақтағы мен үшін «Ең қызықты болған идея»
|
№ 4 - сабақ Адам нәсiлдерi. әлеуметтiк дарвинизмдi және нәсiлшiлдіктің
кертартпалық мәні.
Кезең
|
Оқушыларға берілетін деңгейлі тапысрмалар
|
І Ұйымдастыру кезеңі ( 5 минут)
|
«Көпір»
тапсырмасын оқушы үйде орындапкеледі.
|
1. Жер бетiнде адамның неше түрi тiршiлiк етедi? --------------
2. Жер бетiнде ең алғаш адамдардың шыққан орталығы туралы қандай пiкiрлер бар ---------------------------------------------------------
3. Барлық нәсiлдердiң ойлау қабiлетi бiрдей ме?-----------------
|
ІІ кезең Жаңа сабақты өздігінен меңгеру тапсырмалары( 20 минут)
|
« Білу»
Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?
|
§ 45 абзацтарымен оқи отырып, дәптеріңе мына жолдарды толықтырып жаз.
1. Адамзат қандай 3 нәсiлге бөлiнедi ? /233-бет, 2- абзац/ 2. Нәсiлдер арасындағы негiзгi айырмашылықты ата ......
/233-234 беттер, 3-6 абзацтар/
1.------------------2.-------------------3. ------------------------4. ---------------5.
3. Нәсiлдер арасында мұндай айырмашылықтырдың
болу себебi не ? ----------------------------------------------------------------------------4. Нәсiлтану ғылымы ненi зерттейдi ? / 234 бет/......................
|
«Түсіну»
Неліктен?
|
5. Нәсiлшiлдер - . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .деп дәрiптейдi.
6. Әлеуметтiк дарвинизм теориясы . . . . деп уағыздайды.
Есiңде сақта! Нәсiлтанудағы кертартпа теориялар : Нәсiлшiлдiк және әлеуметтiк дарвинизм теориялары
|
« Қолдану»
өзгертілген тапсырма
|
7. Нәсілдердің шығу тегі туралы моноцентризм және полицентризм тұжырымдарын түсіндір. ---------------------------------
|
« Талдау» Салыстыру, айырмашылығы неде?
|
8. Нәсілдерге тән белгілерді сәйкестендіріп кестені
толтыр:
негроид
|
европеоид
|
монголоид
|
|
|
|
|
«Жинақтау» қорытынды
|
Барлық нәсілдердің бір түрге жататынын қалай дәлелдеуге болады?--------------------------------------------------------------------------
(түр критерийлері туралы біліміңді пайдалан)
|
ІІІ кезең Кері байланыс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы бағалау
(12 минут + 3 минут рефлексия).
|
1- деңгей ( 5 балл)
|
« Білу»
Кім? Не? Қашан? Қайда?
|
1. Адамзат қандай 3 нәсiлге бөлiнедi ? -------------------------------------
2. Нәсiлтану ғылымы ненi зерттейдi ? --------------------------------------3. Нәсiлдер арасындағы негiзгi айырмашылықтарды ата
1.------------------ 2.-------------------- 3. ------------------------ 4. -------------------
|
2- деңгей ( 5 балл+ 4 балл= 9 балл)
|
« Түсіну»
Неге? Себебі?
|
1.Нәсiлдер арасында мұндай айырмашылықтырдың болу себебі
|
« Қолдану»
өзгертілген тапсырма
|
2. Нәсiлшiлдер нәсілдердің шығу тегі туралы қандай пікірде? ..............................................................................................................................
3. Әлеуметтік дарвинистер ше? --------------------------------------------------
|
« Талдау»
Салыстыр, айырмашылығы
|
Нәсілдердің шығу тегі туралы тұжырымдарды
салыстыр:
Моноцентризм
|
Полицентризм
|
|
|
|
3- деңгейлі ( 9 балл+ 3 балл =12 балл)
|
«Жинақтау»
қорытынды
|
1. Нәсілшілдіктің адамзат тарихындағы көріністеріне мысал келтір және оған қандай баға бересің? -----------------------
|
Үйге тапсырма:
« Баға беру»
арқылы ой-толғау
Сен қалай ойлайсың?
|
“Абай тағылымынан”
“Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп әділетті.”
“Адам баласына адам баласының бәрі - дос”,
“ Жау жабылса бұзылмас жан көрмедім,
Артық жолдас таппадым татулықтан”
Жоғарыдағы өсиет сөдерді басшылыққа ала отырып, нәсілшілдер әлеуметтік дарвинистердің көзқарасы-ның теріс пиғылдығына дәлелдер келтіріп, баға бер
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп.....» эссе жазу
|
Рефлексия
|
Сабақта мен үшін «Ең қиын болған тапсырма»
|
№ 5 – сабақ “Адамның шығу тегi” тарауы бойынша бақылау жұмысы
1- деңгейлі тапсырмалар
1. Рудименттi тап: А. түктi адам ә. аппендикс б. құйрықты бала
2. Осы заманға алғашқы адамдар:
а. кроманьондық ә. архантроп б. австролопитек
2. 1871 жылы шыққан “Адамның шығу тегi және жыныстық сұрыпталу”еңбегiнiң авторы кiм ?
а. Ж.Б. Ламарк „. Ф.Энгельс б. Ч. Дарвин
3. Адамның тарихи дамуы А. онтогенез ә. филогенез б. антропогенез
4. қандай адамтәрiздi маймылдың гендерiнiң 99 процентi адамға ұқсас ?
А. шимпанзе ә. горилла б. орангутан
5. Жеке түрлердiң өз ата тектерiнiң белгiлерiне қайта оралуы қалай аталады? а. рудимент ә. атавизм б. гомологиялық мүше
6. Еңбек әрекетi,сөз,ойлау антропогенездiң қозғаушы күшiнiң қай факторы?
а. әлеуметтiк ә. биологиялық б. экологиялық
7. Нәсiлдердiң арасында айырмашылықтың болу себебi ?
а. орта жағдайына бейiмделуiнен ә. әр түрге жататындықтан
б. әр нәсiлдiң хромосома санына байланысты
8. Нәсiлшiлдiктiң мәнi неде ?
а. табиғи заңдылықтардың сол қалпында адам қоғамында жүруiн мойындау
ә. нәсiлдердiң бiрлiгiн мойындау
б. нәсiлдердi “сапалы’ және “сапасыз” деп бөлу
10. Тұқым қуалайтын өзгергiштiк, тiршiлiк үшiн күрес антропогенездiң қай факторы?
а. әлеуметтiк ә. биологиялық б. аналогиялық
11. Өте ертедегi адам
а. кроманьондық ә. архантроп б. австролопитек
12 . Адамның шығу тегiн,дамуын,қалыптасуын,зерттейтiн ғылым қалай аталады ? а. палеонтология ә. эмбриология б. антропология
13. Адамда соқыр iшек, үшiншi қабақ, ата тегiнен қалған белгiлерге жатады.Осындай белгiлердiң ғылыми атауы ?
а. рудимент ә. атавизм в. гомология
14. Ертедегi адамды ата
а. кроманьондық ә. архантроп б. неадертальдық
15. Адамдарды нәсiлдерге бөлу қандай принциптерге негiзделген ?
а. ойлау қабiлетiне ә. тiл ерекшелiгiне б. морфологиялық ерекшелiгiне
16. Қандай адам тәрiздi маймылдың 385 тәнтанымдық белгiлерi адамға ұқсайды ? А. шимпанзе ә. горилла б. орангутан
17. Нәсiлдердiң бiр түрге жататындығын немен дәлелдеуге болады ?
а. еркiн шағылысып,өнiмдi ұрпақ беруi ә. физиологиялық ерекшелiгiне байланысты б. морфологиялық ұқсастығымен
18. Корманьондықтар кiмдерге жатады?
А. Парапитектерге ә. өте ертедегi адамдарға б. саналы адамға
2-деңгейлі тапсырма
1. Кез-келген нәсілге жататын адамның жасушасында 46 хромосома болады және олар өзара некелесіп өсімтал ұрпақ береді, қан беріп бір-біріне донор бола алады.
Түсіндір: Бұл аталғандар түрдің қай критерийлеріне жатады? Бұл мәліметтерден қандай тұжырым шығаруға болады? --------------------------------------------------------
Адамды қандай белгілеріне қарап сүтқоректілер класына жатқызады? ----
Қай тұжырыммен келісесің: а) адам маймылдан жаралды.
б) адам мен маймыл ортақ ата тектен шықты.
Оқушылар тест жұмысынан кейiн өзара дәптерлерiн ауыстырып мұғалiм ұсынған кiлт бойынша бiрiн-бiрi тексередi. Дұрыс орындалмаған тапсырмалар бойынша қатемен жұмыс жүргiзiледi. Жақсы бiлiм көрсете алмағандар үшiн қосымша мүмкiншiлiк берiледi.Олар сынаққа дайындалып келедi.
Сынақта бақылау жұмысынан «үздiк» баға алғандар мұғалiмге көмекшi бола алады.
Білім сынағы «Кіші емтихан» түрінде өткізіледі ( 25 минут)
Тестiлеуден төмен баға алған оқушылардан билет сұрақтары бойынша сынақ алынады. Ал “5” алған оқушылар сынақтан босатылады. Олар сынақ сабақта көмекшi қызметiн атқарады.
№ 1- билет
1.Адамның шыққан тегi туралы жазылған еңбектер жөнiнде айт
2. Адам мен адамтәрiздi маймылдар арасындағы тәнтанымдық айырмашылық қандай ?
№ 2 – билет
1. Адам мен жануарлар ұрықтарының дамуындағы ұқсастықтар
Адам мен адамтәрiздi маймылдың миының құрылысында қандай өзгешелiктер бар ?
№ 3 – билет
1. Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелерi.
2. Адам және омыртқалы жануардың қаңқасын салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықта.
№ 4 – билет
1. Адам эволюциясының қозғаушы күштерi.
Қазiргi кезде Жер бетiнде адамның неше түрi белгiлi?
№ 5 – билет
1. Адамның және адам тәрiздi маймылдардың ортақ ата тегi
2. Ф.Энгельстiң : “... Сонымен ,қол еңбек құралы ғана емес,сондай-ақ еңбектiң жемiсi де болып табылады”деген тұжырымын қалай түсiнесiң ?
№ 6 – билет
1. өте ертедегi адамдарды сипатта.
2. Адам мен омыртқалы жануарлар қаңқасындағы гомологиялық сүйектердi ата
№ 7 – билет
1. Ертедегi адамдарды сипатта.
2. Өте ертедегi және ертедегi адамдарды салыстырып,айрмашылықтырын анықта.
№ 8 – билет
1. Осы заманғы алғашқы адамды сипатта.
2. Адам ұрығы мен омыртқалы жануарлардың ұрықтарының дамуын салыстыр.
№ 9- билет
1. Адам нәсiлдерi Мулаттар,метистер,самболар деген кiмдер ?
2. Қазiргi кезде адамтәрiздi маймылдардан адамның пайда болуы мүмкiн бе?
№ 10 – билет
1. Нәсiлшiлдер және әлеуметтiк дарвинизм
Қазақтар, қырғыздар қандай нәсiлге жатады ?
Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңы
Жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары
Биология 10-11 сыныптар 2013
Кобдикова Ж.У.Білім беру сапасын технологиялық амал негізінде басқару Алматы, 2011
«Биология - 11» Р. Сәтімбеков Р Әлімқұлова Ж.Шілдебаев Алматы, «Мектеп» 2015
Достарыңызбен бөлісу: |