11 тақырып. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.
Түркі-мұсылман халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының өзара байланыстары.
Ресей империясындағы мұсылман қозғалысының қалыптасуы. Бүкілресейлік мұсылман съездеріне қазақ элитасы өкілдерінің қатысуы. Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы «Иттифак-эл-муслимин» (мұсылмандар Одағы) рөлі.
Орыс түркітану ілімі және оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері.
1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.
Алаш партиясының бағдарламасы.
Қазақ зиялыларының саяси, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеудегі жаңа тәсілдер.
12 тақырып. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.
Білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы.
И.Сталиннің «тұлғаға табыну» кезеңін сынау. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жарымшақ» сипатына баға беру.
Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты.
Қазақ КСР-дегі аумақтық дауды шешудегі қайшылықтар – ұлттық мүдделер орталығына немқұрайлы қараудың мысалы.
Оралман қазақтардың Қазақстанға оралуы (1955, 1962).
Ауыл шаруашылығын көтерудің әміршіл-әкімшілдік шаралары.
Жоғары партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер.
1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы.
Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі.
Әкімшілік басқару нәтижесінде аграрлық сектордағы қайшылықтардың тереңдей түсуі.
Орталықтың этнодемографиялық саясаты: ішкі көші-қон, паспорттық режим қазақтардың ауылдан қалаға көшуіне кедергі ретінде, «тіркеу», тілдік кемсітушілік және басқа да жүзеге асыру жолдары.
Экологиялық дағдарыс.
Мәдениет және ғылым. Мәдени-рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі – әміршіл-әміршілдік биліктің күшеюінің салдары. Қазақтардың ұлттық өзіндік санасының стихиялық жаңғыруының белгілері: «Жастұлпар» және студент жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері. Рухани жаңғырудағы М.Шаханов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Сүлейменов, І.Есенберлин және басқа да жазушы-ақындар шығармашылығының маңызы.