11-тақырып нарықтардың Өзара әрекеттесуі. Is-lm моделі. Мақсаты



бет8/8
Дата07.02.2022
өлшемі323,39 Kb.
#95550
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
107656456359 11 дәріс IS LM үлгісі

12-сурет. Бюджет-салық саясатының әсері

Сөйтіп ынталандырушы бюджет-салық саясатының нәтижесінде бір жағынан, жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екінші жағынан, ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі азаяды.


Бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын бірге қолдану пайыз мөлшерлемесін өзгертпей өнім көлемін көбейтуге немесе тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді.


Қорытынды



  1. IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – экономиканың нақты және ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарғының экономикалық тепе-теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік береді.

  2. IS қисығы – игіліктер нарығындағы тепе-теңдікті көрсететін үлгі. Ол теріс көлбеулі болып табылады, өйткені пайыздық қойылымның төмендеуі инвестиция көлемін арттырады.

  3. IS қисығының жатыңқы болу себептері мыналарға байланысты:

  • Инвестиция мен таза экспорттың пайыздық қойылымға деген сезімталдылығының аса жоғары болуы;

  • тұтынуға деген шекті бейімділіктің жоғары болуы;

  • салық салудың шекті мөлшерлемесінің төмен болуы;

  • импорттауға деген шекті бейімділіктің төмен болуы.

  1. LM қисығы – ақша нарғындағы тепе-теңдікті көрсететін үлгі. LM қисығының жатыңқы болу себептері:

  • ақшаға деген сұраныстың пайыздық қойылымның қарқынына деген сезімталдылығының жоғары болуы;

  • ақшаға деген сұраныстың ЖІӨ қарқынына деген сезімталдылығының төмен болуы.

  1. IS және LM қисықтары белгілі бір факторлардың өзгеруі салдарынан оңға немесе солға жылжиды.

  2. IS-LM үлгісі АD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

  3. IS-LM үлгісі ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының қысқа мерзімдегі өзгерістерінің ұлттық табысқа әсер етуін талдау үшін қолданылады.

  4. Ынталандырушы бюджет-салық саясатының нәтижесінде бір жағынан, жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екінші жағынан, ығыстыру әсерінің салдарынан өнім көлемі азаяды.

  5. Бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын бірге қолдану пайыз мөлшерлемесін өзгертпей, өнім көлемін көбейтуге немесе тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді.

  6. Игіліктер нарығы мен ақша нарғының тепе-теңдік деңгейіне сәйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет