Бақылау сұрақтары:
1.Ағзаның тіршілік ету жағдайлары қандай?
2.Экологиялық фаткорлар дегеніміз не?
3.Экологиялық фаткорлардың жіктелуін көрсетіңіз.
4.Қандай факторлар шектеуші фактор деп аталады?
5.Антропогенді факторларға мысал келтіріңіз.Адамның ағзаларға және қоршаған ортаға тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?
6.Қандай ағзалар стенобионтты, ал қандай ағзалар эврибионтты деп аталады?
Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С. 2.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003 3.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл. Қосымша әдебиеттер: 1.Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000. 2.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997. 3.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999. 4.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.
ДӘРІС № 4 Тақырып: Популяция экологиясы-демэкология
Мақсаты: Студенттерге популяция түсінігі, популяцияның статикалық сипаттамалары, популяцияның динамикалық сипаттамасы туралы түсінік беру.
Жоспары:
1. Популяция туралы жалпы мағлұмат.
2. Популяцияның құрылымы мен түрлері.
3. Популяцияның статистикалық және динамикалық сипаттамалары.
4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
5.Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.
Негізгі түсініктер: популяция, динамика, статика, тығыздық, өсу қарқындылығы, логистикалық қисық, экспоненциалды өсім, демография, биомасса.
1.Популяциялық тіршілік деңгейі. Егер экожүйе биосфераның элементтері болса, популяция табиғатта жеке түрінде кездеспейді. Популяция дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін, өзара еркін будандаса алатын, информация бере алатын, бір түрге жататын особьтар тобы. Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады. Популяция құрылымы өлімі особьтар саны ареалы жастық жыныстық туылымы құрамы құрамы өсу темпі тығыздығы.
Достарыңызбен бөлісу: |