1. Термин сөзді табыңыз.
A) Мұғалім.
B) Бағдаршам.
C) Қызыл.
D) Хрестоматия.
E) Жарық.
|
2. Езулік дауыстылардан жасалған сөзді көрсетіңіз.
A) Әсемпаз.
B) Күндізгі.
C) Үндемейтін.
D) Орынбасар.
E) Құлақ.
|
3. Бірыңғай ашық буынды сөзді белгілеңіз.
A) Мектеп.
B) Орман.
C) Алаша.
D) Жауын.
E) Достар.
|
4. Қос сөзді анықтаңыз.
A) Күні бойы.
B) Қара торы.
C) Ат жақты.
D) Ерсілі қарсылы.
E) Отыз төрт.
|
5. Жалқы зат есімді анықтаңыз.
A) Тау.
B) Теміртас.
C) Қапшық.
D) Орман.
E) Іні.
|
6. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
A) Ондаған.
B) Бесінші.
C) Жетеу.
D) Мың.
E) Үштен екі.
|
7. Өздік есімдігі қатысқан тіркесті табыңыз.
A) Өз кітабы.
B) Шешеннің тілі.
C) Шеткі үй.
D) Ер жігіт.
E) Туған жер.
|
8. Сөйлемге тән тыныс белгіні қойыңыз.
Пай, шіркіннің сөзі
A) Нүктелі үтір.
B) Көп нүкте.
C) Леп белгісі.
D) Сұрақ белгісі.
E) Үтір.
|
9. Стиль түрін анықтаңыз.
Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады.
A) Ғылыми.
B) Ауызекі сөйлеу.
C) Іс-қағаздар.
D) Публицистикалық.
E) Көркем әдебиет.
|
10. Омоним сөз қатысқан тіркестерді табыңыз.
A) Есікті аш, аш мал.
B) Қиын сұрақ, күрделі сұрақ.
C) Инабатты қыз, тәртіпті оқушы.
D) Сары гүл, қызыл гүл.
E) Мәз болды, ерте түсінді.
|
11. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.
A) Басы таудай, аяғы қылдай.
B) Отан - оттан да ыстық.
C) Кітап - алтын қазына.
D) Бірлік болмай, тірлік болмас.
E) Өз үйің - алтын бесігің.
|
12. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы қатарды көрсетіңіз.
A) Цехқа, паркте, жиһангер.
B) Кемеңгер, айтқыш, берекелі.
C) Сартыл, гүрсіл, тарсыл.
D) Байлық, ауылдық, тарихты.
E) Айтулы, алдыңғы, жалтыл.
|
13. Туынды сөзді табыңыз.
A) Өмірлік.
B) Нанға.
C) Республика.
D) Жас.
E) Азамат.
|
14. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
A) Қызыл ала, үлкенірек.
B) Қысқы, басыңқы.
C) Қоңырқай, сұрлау.
D) Жақсы, көгілдер.
E) Ала, шұбар.
|
15. Сөйлемде себеп пысықтауыш қызметін атқаратын үстеулерді көрсетіңіз.
A) Баяғыдан, таң сәріде.
B) Лажсыздан, шарасыздан.
C) Бірталай, бірқыдыру.
D) Өйтіп-бүйтіп.
E) Әдейі, қасақана.
|
16. Сөйлемнен еліктеу сөзді табыңыз.
Ол аяқ астынан шақ-шақ еткен көп дауыстардан сескене қалды.
A) Шақ-шақ еткен.
B) Аяқ астынан.
C) Дауыстардан сескене қалды.
D) Көп дауыстардан.
E) Сескене қалды.
|
17. Анықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.
A) Өлімнен ұят күшті.
B) Антонның ұмытпағандығына Асқар қайран қалды.
C) Ол биыл 5-сыныпқа көшеді.
D) Ақпанда борап соқты қар,
Шілдеде қайнап төнді күн.
E) Еңбегің бағалануы тиіс.
|
18. Себеп-салдар салалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Егін пісті, егіншілер оны жинады.
B) Егін піскенмен, оны оруға әлі асығар емес.
C) Келген екеу еді: бірі - агроном, екіншісі - инженер.
D) Ол жаяу жүріп кетті, себебі ауыл онша алыс емес еді.
E) Ауыл жайлауға көшіп келгелі, жастардың тұрмысына бір көңілділік кіргендей болды.
|
19. Қыстырма сөзді анықтаңыз.
A) Алақай.
B) Қап.
C) Әрине.
D) Жолдастар.
E) Кінәлі.
|
20. Сабақты етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Жұма күні мешітке барғайсың.
B) Күн күркіреді.
C) Жер көркейді.
D) Ол тапсырма орындады.
E) Бақшада әдемі гүлдер өседі.
|
21. Шығыс септікпен бірге келген септеулікті көрсетіңіз.
A) Менен бұрын сен сөйле.
B) Бұрынды-соңды көрмедім.
C) Бұрын келіп кетті.
D) Оның көңілі бұрынғыдай.
E) Бұрын - түбір сөз.
|
22. Үстеудің байланысу түрін табыңыз.
Әлгінде келіп кетті.
A) Жанасу.
B) Матасу.
C) Меңгеру.
D) Қабысу.
E) Қиысу.
|
23. Жай сөйлемді табыңыз.
A) Жазда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады.
B) Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді.
C) Ретін келтіретін де, орындайтын да осы жігіттер ғой.
D) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді.
E) Оны танығанымен, Сәуле сыр бермеді.
|
24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
A) – Япыр-ай, мықты екенсіз, ақсақал, деді Байжан.
B) – Япыр-ай, мықты екенсіз, ақсақал!- деді Байжан.
C) – Япыр-ай, мықты екенсіз, ақсақал!,- деді Байжан.
D) – Япыр-ай, мықты екенсіз, ақсақал:- деді Байжан.
E) “Япыр-ай мықты екенсіз ақсақал”: деді Байжан.
|
25. Алғашқы үтір неге байланысты қойылған, дұрысын табыңыз.
Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.
A) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
B) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
C) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.
D) Түсіндірмелі салалас.
E) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуге байланысты
азайған түлік түрі:
A) Ірі қара.
B) Қой.
C) Түйе.
D) Жылқы.
E) Ешкі.
|
2. 13 қола жебе табылған сақ қорғаны:
A) Есік
B) Бесшатыр
C) Шілікті
D) Аралтөбе
E) Берел
|
3. Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің басты заңы:
A) «Қасқа жол».
B) «Жеті жарғы».
C) «Жасақ».
D) «Жаңа жол».
E) «Ескі жол».
|
4. 1490 ж. Азов қаласында дүниеге келген жырау:
A) Марғасқа
B) Доспамбет
C) Бұқар
D) Шалкиіз
E) Жиенбет
|
5. Әбілқайыр Ресейге қосылуға ант берді:
A) 1729 жылы.
B) 1731 жылы.
C) 1735 жылы.
D) 1734 жылы.
E) 1730 жылы.
|
6. 1867-1868 жылғы Қазақстандағы жүргізілген реформаның негізгі мақсаты:
A) Хандық билікті жою.
B) Қазақ өлкесінде басқару ісін өзгерту.
C) Хандық билікті қалпына келтіру.
D) Революциялық қайта құрулар.
E) Өнеркәсіп орындарын салу.
|
7. 1854 жылы салынған Верный бекінісінің ертедегі атауы:
A) Ұзынағаш
B) Жетісу
C) Есік
D) Алматы
E) Үргеніш
|
8. Tанымал болған «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерінің авторы:
A) Құрманғазы Сағырбайұлы.
B) Даулеткерей Шығайұлы.
C) Ықылас.
D) Бекболат Тілеухан.
E) Дина Нұрпейісова.
|
9. Әлия Молдағұлованың майдандағы әскери қызметі:
A) Бақылаушы.
B) Пулеметші.
C) Байланысшы.
D) Медбике.
E) Мерген.
|
10. Оғыз мемлекетінде жабғудың “инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші:
A) Ябғу
B) Атабектер
C) Шад
D) Селифтер
E) Сюбашы
|
11. Қасым ханның Сырдария бойындағы қалаларға билік орнатуына бөгет жасаған билеуші:
A) Әмір Темір.
B) Махмұд сұлтан.
C) Мұхаммед Шайбани.
D) Моғол билеушісі Жүніс.
E) Иран шахы І Ислам.
|
12. Ішкі Орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы:
A) І Александр
B) ІІ Екатерина
C) І Павел
D) І Николай
E) ІІ Александр
|
13. Варкав Ботовтың атымен аталған жәрмеңке 1848 жылы ашылды:
A) Бөкей ордасында.
B) Талды-Қояндыда.
C) Аќмола ќаласында.
D) Атбасар уезінде.
E) Тайынша көлде.
|
14. 1915 жылы Австрия-Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер:
A) Ақмола облысының өндіріс орындары.
B) Успен кеніші.
C) Спасск мыс қорыту зауыты.
D) Орынбор-Ташкент темір жолы.
E) Риддер кен байыту орны.
|
15. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды»,-деп жазды:
A) А.Байтұрсынов.
B) Ә.Бөкейханов.
C) Т.Рысқұлов.
D) Ж.Аймауытов.
E) М.Дулатов.
|
16. Алашорда Кеңесінің төрағасы болған қоғамдық-саяси қайраткер:
A) Ж. Бабаев.
B) Ә. Бөкейханов.
C) М. Дулатов.
D) А. Байтұрсынов
E) С. Сейфуллин.
|
17. Орталық комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды негізінен аяқтауға белгіледі:
A) 1927 жылдың көктеміне қарай
B) 1931 жылдың көктеміне қарай
C) 1932 жылдың көктеміне қарай
D) 1933 жылдың көктеміне қарай
E) 1930 жылдың көктеміне қарай
|
18. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған «Қыз Жібек» кинофильмінің қоюшы-режиссері:
A) Ш.Айманов
B) С.Апрымов
C) Н.Михалков
D) С.Қожықов
E) Т.Теменов
|
19. 1990 жылы қарашада құрылған тұңғыш «әл – Барака – Банк Қазақстан» банкін құруға қатысқан ел:
A) Кувейт
B) Египет
C) Түркия
D) Пәкістан
E) Сауд Арабиясы
|
20. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел:
A) Қытай
B) Византия
C) Жапония
D) Үндістан
E) Орта Азия
|
21. X ғ. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған:
A) Әл-Марвази.
B) Әл-Макдиси.
C) М.Қашғари.
D) Әл-Бируни.
E) Әл-Фараби.
|
22. «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:
A) XVII ғасыр
B) XVI ғасыр
C) XIV ғасыр
D) XV ғасыр
E) XVIII ғасыр
|
23. XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі:
A) «Қобыланды батыр»
B) «Ер Тарғын»
C) «Жошы ханның жортуы»
D) «Жоямерген»
E) «Ақсақ құлан»
|
24. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердің арасындағы саяси оқиғаларға байланысты:
A) Көшім хандығы мен Қоқан хандығы
B) Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан
C) Ноғай ордасы мен Ресей
D) Сібір хандығы мен Хиуа хандығы
E) Ақ Орда мемлекеті мен Сібір хандығы
|
25. Қазақстанда 1961 жылы шаңырақ көтерген институт:
A) Қарағанды педагогикалық институты
B) Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі, әдебиет және өнер институты
C) Қазақ КСР Ғылым Академиясының Философия және құқық институты
D) Қазақ Мемлекеттік институты
E) Алматы педагогикалық институты
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|