Сонымен кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық және қаржы – экономикалық қызметін талдау оның қаржылық нәтижелерінің объективті және нақты көрінісін , экономикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін, өндірістік әлеуетінің мөлшерін көрсетеді. мөлшерін көрсетеді. 12. 3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деп оның өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін (қабілетін) айтамыз. Ол кәсіпорынның дұрыс жасауы үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін, оларды ұтымды орналастыру мен тиімді пайдалануды, басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық өзара қарымө қатынасын, төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылыған сипаттайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау кезінде бірқатар нақты көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Оларды төмендегідей топтарға бөліп қарастыруға болады: 1. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсеткіштері; 2. Кәсіпорынның өтімділігін бағалау көрсеткіштері; 3. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері; 4. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бығалау көрсеткіштері; 5. Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау көрсеткіштері Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсеткіштері Көрсеткіштер - 1. Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті
- 2. Негізгі қорлардың тозу коэффициенті
- 3. Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті
Есептеу формуласы - 1. Кезең ішінде келіп түскен негізгі қорлар құны/ кезең соңындағы негізгі қорлардың бастапқы құны
- 2. Негізгі қорлардың тозу соммасы/ негізгі қорлардың бастапқы құны
- 3. Негізгі қорлардың қолдық құны/ негізгі қорлардың бастапқы құны
4. Негізгі қорлардың істен шығу коэффициенті - 4. Негізгі қорлардың істен шығу коэффициенті
Достарыңызбен бөлісу: |