Қазақ өлкесіндегі партиялар. Кесте 31
1
|
Алаш партиясы
|
Алаш партиясы 1917 жылы құрылды. Жетекшісі Әлихан Бөкейханов болды. Қолдау көрсеткен әлеуметтік негізі – капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар. Негізгі бағыты – реформистік капитализм жолы.
Мақсаты: Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, Автономиялық ұлттық мемлекет құру
1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» гезетінде «Алаш» партиясының бағдарлама жобасы жарияланды.
Дінді мемлекеттен бөлектеу;
Сот ісін қазақ тілінде жүргізу;
Әскери қызметі өз жерінде атқару;
Жұмысшыларды заңмен қорғау;
Жалпыға бірдей және ақысыз оқыту;
Жиналыс, сөз баспасөз еркіндігі;
Жерді алдымен жергілікті халыққа беру;
1917 жылғы қараша мен 1918 жылдың қаңтар аралығында өткен сайлауда көпшілік «Алаш» партиясының бағдарламасын қолдады.
Жетісу губерниясында -57,5%
Торғай, Орал губерниясында – 75%
* Семей уезінде – 85 %
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |