Ішек қабырғасының тамырлары. Артериялық жүйе ағзадан тыс және ағза ішілік болып бөлінеді. Аш ішектің ағзадан тыс жүйесі жоғарғы шажырқай артериямен және оның бұтақтарымен 1-3 ретті аркадтарды құрайды. Ішек қабырғасына өтетін соңғы бұтақтар-түзу артериялар. Түзу артериялар алдыңғы және артқы тармақтарға бөлініп, серозды қабықтың астына еніп, ішкі артериялық желіні құрайды. Ішек қабырғасындағы тамырлардың бағыты ішек осіне қатаң перпендикуляр, бұл операцияларды орындау кезінде маңызды нұсқаулық болып табылады. Шырышасты қабатта артериялар өрім түзеді, оның болуы гемостаз үшін үздіксіз тігісті қолдану қажеттілігін талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |