12 дәріс. Қышқылдық-негіздік титрлеу әдістері


Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу. Титрлеу қисықтары



бет2/3
Дата23.01.2022
өлшемі33,88 Kb.
#113575
1   2   3
Байланысты:
ah lek 12 kyshkyldyk-negizdik titrleu adisteri

2. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу. Титрлеу қисықтары

Бейтараптау титрлеу әдістері бейтараптану реакциясына негізделген:



Н+ + ОН- → Н2О немесе Н3О+ + ОН- →2Н2О

Сулы ерітінділердегі қышқылдармен және негіздермен стехиометриялық қатынаста әрекеттесетін заттардың мөлшерін осы әдіспен анықтауға болады. Эквиваленттік нүктені индикатордың көмегімен анықтайды. Егер ерітінділер боялған немесе майлы болса, физика-химиялық әдістерді қоладанады.

Титрлеу барысында анализденетін ерітіндінің сутектік көрсеткіші өзгереді. Оның өзгеруі стандарт ерітіндінің қосқан көлеміне және титріна тәуелді.

Мысалы, 100мл 0,1 н тұз қышқылын титрлеуге 100мл 0,1н натрий гидроксидінің ерітіндісі жұмсалады.



НСl + NaOH → NaСl + Н2О

Титрлеуге дейін тұз қышқылының 0,1н ерітіндісінде:



рН = -lg[H+] = -lgcHCl = -lg0,1 = 1

Титрлеу барысында эквиваленттік нүктеге дейін тұз қышқылының концентрациясы келесі формуламен есептеледі:







Эквиваленттік нүктеде

рН мәні 4,3-тен 7-ге дейін ауысуы үшін сілтінің 0,1н ерітіндісінің 0,1мл көлемі ғана қажет болды. Оның алдыныда рН мәне 1-ден 4,3-ке дейін өзгеруі үшін сілтінің 0,1н ерітіндісінің 99мл-і жұмсалды.

Эквиваленттік нүктеден кейін натрий гидроксиді артық мөлшерде болады. ОНиондарының концентрациясы натрий гидроксидінің артық мөлшерінің концентрациясына тең болады және келесі формуламен емептеледі:









V(NaOH), мл

V(НCl), мл

(қалдық)


V(NaOH), мл

(артық)


C(H+)

рН

0,0

100

-

10-1

1,0

50,0

50

-

3,3· 10-2

1,5

90,0

10

-

5,3· 10-3

2,3

99,0

1

-

5,0· 10-4

3,3

99,9

0,1

-

5,0· 10-5

4,3

100,0

0

0

10-7

7,0

100,1

-

0,1

2,0·10-10

9,7

101

-

1

2,0·10-11

10,7

110

-

10

2,1·10-12

11,7

Эквиваленттік нүкте аймағында рН шамасының шұғыл өзгеруі титрлеу секіруі деп аталады. Қисық сызықтың бұл бөлігі ең маңыздысы болып табылады. Титрлеу секіруі бойынша титрлеу үшін индикаторды іріктейді және кейбір басқа мәселелер де шешімін табады. Сутектік көрсеткіштің шұғыл өзгеру аймағы реагенттердің концентрациясы мен титрлеу кезінде өтетін реакция тепе-теңдігімен анықталады. Секірудің мөлшерлік құны берілген анализ дәлдігіне байланысты белгіленеді.

Титрлеу секіруінің мөлшері неғұрлым көп болса, титрлеу дәлдігі соғұрлым жоғары болады. Титрлеудің секіру шамасы реагенттердің концентрациясына тәуелді болады. Реагенттердің концентрациясы неғұрлым жоғары болса, титрлеудің секіру шамасы соғұрлым көп болады да анализдің дәлдігі жоғары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет