Түрксіб құрылысында
Тарих тұңғиығына тереңірек үңілсек өткен ғасырдың 1925-1930 жылдарында елімізді индустрияландыруға ерекше маңыз берілгендігін байқаймыз. Сол жылдары геологтар пайдалы қазбалардың жаңа кен орындары болашақ үшін қызмет ете бастады.
Жол қатынасының, әсіресе, темір жолдың шектеулі болуы елді индустрияландыруға үлкен кедергі келтірді. Сол кездегі ең маңызды объектінің Түркістан – Сібір темір жолының болғандығына қарт тарих куә. Тұңғыш социалистік мемлекеттің бірінші бесжылдық тұсындағы айтулы да, іргелі қолтаңбасы – қазақ жерінде салынып, іске қосылған Түркістан – Сібір темір жолы. Оны қысқаша – Түрксіб деп атаған. Сондықтан да ол халық жүрегіне «Түрксіб» болып енді.
Түркісіб ерекше екпінді құрылыс еді.Ел экономикасының ілгерілеуі жол қатынасына аса тәуелді болатын. Осыған орай, ВКП/б/ орталық комитеті жанынан 1926 жылдың 3 желтоқсанында , ұзындығы 1440 шықырымға созылуға тиіс болатын Түрксіб құрылысына жәрдемдесу жөніндегі арнайы комитет құрылды. Оның төрағасы болып Тұрар Рысқұлов бекітілді. Еңбек десе ерекше жанкешті, халқының болашағы үшін түн ұйқысын төрт бөлген аяулы ұлы құрылысқа бүкіл халықтық сипат беріп, Ресейдің өнеркәсіп орындарынан, Украина мен Орта Азиядан келген мыңдаған мамандар мен жұмысшылардың еңбегін асқан білгірлікпен үйлестіріп отырды.
5
Темір жол құрылысының аса маңыздылығына мән берген ВКП/б/ Орталық Комитеті 1926 жылғы қарашада жұмысты жеделдету жөнінде арнайы шешім қабылдады. Түрксіб құрылысы онсыз да өзін қатты толғандырып жүрген Т.Рысқұлов бұл жұмысты нәтижелі аяқтау үшін қазақтан шыққан тұңғыш темір жол маманы Мұхамеджан Тынышпаевты дәуіріміздің үлкен құрылысына жұмысқа шақырды. Аса талантты инженер, білгір оқымысты М.Тынышпаев кейін Түркістан–Сібір темір жолы жүйесі жобасының тұңғыш авторы болды.
Түркістан–Сібір темір жолына жәрдемдесу жөніндегі үкіметтік комитеттің кеңейтілген отырысы өтіп жатқан. Жол төсеудің Қордай вариантын қолдаушылар тіпті дау-дамайға дейін барып, қарсыластарының мысын басып тастауға тырысты. Бірақ оларды Т.Рысқұлов дер кезінде тоқтата білді. « Тыныш, жолдастар, тыныш! Жолдас Шатов дұрыс айтады. Комитет бүгін түбегейлі шешім қабылдауы қажет. Созбалаңға салуды қоятын кез жетті. Біз Шоқпар вариантын қолдаймыз. Неге? Бұл жөнінде сіздерге инженер Тынышпаев айтып береді. Ол – дипломы бар жолшы. Болат жолды өзінің бес саусағындай біледі. Мұхамеджан , тек қысқа да нұсқа айт».
Мәжілісте Мұхамеджан Тынышпаев Шоқпар варианты мен Қордай вариантын салыстыра отырып баяндап, бірінші нұсқаның экономикалық жағынан да, уақыт жағынан да тиімді екендігін бұлтартпас мысалдармен дәлелдеп берді. Сөйтіп, 1927 жылғы 6 қазанда Шоқпар варианты бекітілді.
Мәселе мынада, Шоқпар нұсқасы бойынша жол едәуір ұзарып, даламен өтуі тиіс-тұғын. Ал, екінші нұсқа бойынша Қордай асуын тау бөктерлей тескен тау арқылы асып, қырғыз жерін жағалай жүруі керек болатын. Мұндай жағдайда поезды алдынан сүйреп, соңынан итеру қажет. Екіншіден, тескен тауға кетер шығын да қыруар ғой. Үшіншіден, егемендік алған бүгінгі тұста өзге елдің жерінен өтетін жолымызға өзіміз тәуелді болып
қалмас па едік. Алаштың қос азаматы міне, осы мәселелерді алдын-ала көре білген секілді.
Түрксіб жайлы сөз еткенде Тұрар мен Мұхамеджанды бір-бірінен бөле жара қарауға әсте болмайды. Осынау Алаштың қос азаматы бірінің бейнесін бірі толықтыра түсер ірі тұлғалар екені даусыз. Біреуі Кремльде отырғанымен, біреуі сайын далаға таспадай етіп тартылып жатқан темір жол құрылысындағы қайнаған еңбектің ортасында жүргенімен мақсат-мүддесі мен асыл армандары астасып жататын.
Шоқпар жобасы бойынша төселген жол Қазақстанның бес облысын жалғастырумен қатар, сол кездегі ақшамен 250 миллион сом қаражат үнемдеуге және құрылысты мерзімінен бұрын аяқтауға үлкен септігін тигізді. Жолдың солтүстік және оңтүстік учаскелері мерзімінен 540 күн бұрын, 1930 жылғы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісті. Түрксіб 1931 жылы 1 қаңтардан тұрақты пайдалануға берілді. Қазақ халқының аяулы перзенті Тұрар Рысқұлов қадасын қаққан темір жол Орта Азияны Сібір аймағымен жалғастырып, елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін өрге бастыруға бүгінге дейін игілікті қызмет етіп келеді. Оған мысал келтіретін болсақ, өзіміздің тұрғылықты жеріміз Луговой кентінің халқы күнделікті әл-ауқатын осы темір жолдың арқасында тауып отыр.
Сонымен , Семей қаласы және Оңтүстіктегі Пішпек пен Әулиеата орталығындағы шағын «Луговой» атты темір жол станциясы аралығы «Түрксіб» деп аталған. Жолға топырақ және қиыршық тас төсеу жұмыстары 1927 жылдың сәуірінде, ал рельс төсеу Семей тұсынан осы жылдың шілде айының 15-інде, Луговой жағынан қарашаның 21-інде басталған. Түрксібтің түйісер жері Айнабұлақ станциясы болып белгіленді. Осынау ұлы даланы, момын, шөлді даланы тіліп өтетін жол құрылысы бүкіл халықтық іске айналды.
1927 жылдың күзінде Луговой темір жол станциясына жаңа еңбек дүбірі келіп жетті. Болат жол тартылысымен марғау жатқан паң дала сілкініп, ауыл адамдары әр түрлі кәсіптің жалынан ұстай бастады. 1927 жылғы қараша айының 21 жұлдызында Түрксібтің
Оңтүстік учаскесінде алғашқы рельстің төселуіне байланысты салтанатты митинг болып
6
өтті. Оған темір жолшылар мен қатар жақын маңдағы ауыл тұрғындары да қатысты. Осы салтанатта Тұрар Рысқұлов паровоз үстінде тұрып, өзінің жалынды тарихи сөзін сөйледі.
Осы митингте мектебіміздің зейнеткер мұғалімі Сындыкүл Қосшығұлованың әкесі Бекберген Қосшығұлов болыпты, және сол жайлы Сындыкүл апайым әңгімелеп берді «Т.Рысқұловтың сөйлеген сөзі анық, сөйлегенде халықты өзіне қарата білетін және тыңдата білетін»дейді
Қазақтың киіз үйі формасындағы арқаудан маңдайшасында «Сібірді игереміз» деген ұраны бар «ОВ-6394» номерлі паравоз баяу жылжып шығып, Сібірге бет алды. Темір жол төсеуге мыңға жуық жергілікті жұрт, 500 ат, өгіз, түйе жеккен арбалар қатысты.Темір жол құрылысы аяқталған соң қазақ әйелдері арасындағы ең тұңғыш паравоз машинисі Зәбира Жүсіпова осы Құланнан шықты./11--15б/
Қазіргі таңда Тараз қаласының мұражайында Түрксіб жұмысшыларының өзінің құрал – саймандары, қажетті құрал жабдықтары сақталған.
Түрксіб құрылысына қатысқан жұмысшыларға «Түрксіб екпінділері» деген куәлік тағайындалған
Бір деректерде Жалпақсаз ауылынан шыққан Шынқожа Омаров деген кісі Меркі ауданы болып тұрған кезде алғашқы аутком басшысы,сот жүйесінің басшысы қызметінде отырған кісі Т. Рысқұлов «Түркісібір» темір жолын салып жатқанда халық игілігіне жәрдем ретінде малдай және адам күшімен жәрдем берген. Осы кісі Т. Рысқұловтың туысы деген мәлімет бар./тың дерек/
Түксіб құрылысының тағдыры оңай шешіле қойған жоқ . Осынау кең жазықты иен даланы шойын жолмен игеру Тұрарға оңайға түспеді.
Достарыңызбен бөлісу: |