126жм назарқұл Еркебұлан



бет45/84
Дата02.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#156163
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021 — копия

Уникальность 93.90%
Тромбоциттер немесе қан табақшалары/пластинкалары – сүйектің қызыл кемігінің мегакариоцит деп аталатын алып жасуша цитоплазмасының ядросыз фрагменттері. Өлшемі бойынша олар эритроциттерден бірнеше рет шағындау; перифериялық қанда тромбоциттер саны, қанның 1 мм3 шаққанда, 200-300 мың құрайды. Романовский-Гимза бойынша боялған тромбоцит – ашық-көк. Әрбір қан табақшасы 2 аймақтан тұрады: 1) ашық-көк түске боялатын перифериялық бөлік – гиаломер; 2) түсі күңгірттеу түйіршікті орталық бөлігі – грануломер.
Құрылысы. Тромбоциттің жетекші рецепторық-транспорттық жүйесі гликокаликс құрамында орналасқан көптеген рецепторлардан және гиаломердің ішкі өзекшелер жүйесінен тұрады. Рецепторлар тромбоциттердің белсенділігін реттейтін заттармен әрекеттесіп, қан табақшаларының тамырдың эндотелийәне адгезиясына және тромб қалыптасуына әкеліп. Олардың бірігуіне себепші болады.
Тромбоциттің гиаломері негізінен цитоскелет элементтерінен – микротүтікшелерден, актиндік микрофиламенттерден, аралық филаменттерден тұрады. Олар тромбоциттің пішінін сүйемелдейді және активациясы кезінде өсінділердің қалыптасуына қатысады. Бұдан басқа, бір бөлігі гиаломерде заттарды жұту мен шығаруға қатысатын, екіншісі –Са2+ мондарын жинайтын және бөліп шығаратын, өзекшелер жүйесі бар.
Тромбоциттің грануломері электронды тығыз гранулдардың бірнеше түрінен, вакуолдерден, жеке митохондриялардан, грЭПТ-ның цистерналарыеае және Гольджи комплексінің элементтерінен тұрады. Гранулдарда қан ұю факторлары, протеолиздік ферменттер, өсу факторлары болады.
Тромбоцит құрамында ірі а-гранулдар (В-тромбоглобулин, фон Виллебранд факторы, фибронектин, тромбоспондин, 4-фактор, фибриноген, тромбопластин, ТРӨФ) болады, оның ұүрамдас бөліктерінің негізгі қызметтері – тромбоцит адгезиясына қатысу; тромбоспондин актомиозтнге ұқсас – тромбты ретракцияға ұшыратады; тромбоциттердің агрегациясын ынталандыру; қан ұюға қатысу; регенерацияны ынталандыру және т.б.
Тромбоциттің тығыз б-гранул (гистамин, серотонин, адреналин, кальций ионы, АДФ, АТФ, магний ионы) элементтерінің қызметі – тамыр өткізгіштігін төмендету, ТБЖ қысқаруы; агрегацияны ынталандыру; қан ұю; тромбоцит агрегациясын ынталандыру; фибринолиз – тромбты еріту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет