13 – динамикалық экономикалық КӨрсеткіштер



бет1/2
Дата13.11.2022
өлшемі211 Kb.
#157891
  1   2
Байланысты:
13-лек
эконометрика ыктималдылык 8, ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ САЯСИ ОЙЛАР, Геометрия 1-тоқсан 11-сынып ҚГБ

13 – ДИНАМИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

Динамикалық экономикалық көрсеткіштердің негізгі параметрлерін есептеу эконометрикада үдкен мәнді және мағыналы мәселе.


Динамикалық экономикалық көрсеткіштер (қатар)- статистикалық көрсеткіштердің хронологиялық немесе уақыт кезеңдері ретімен орналасқан сан мәндерінің қатары.
Зерттеліп отырған құбылыстың сипаттамасына байланысты динамикалық қатар моменттік және аралық болып екі топқа бөлінеді. Моменттік қатар зерделеніп отырған кейіптің бір мезгілдегі (күндер) мөлшерін көрсетсе, ал аралық қатар оның бір уақыт кезеңіндегі мөлшерін сипаттайды.
Динамикалық (өсіңкілік) аралық қатардың орташа деңгейін есептеуде қарапайым орташа арифметикалық мәнді есептейтін формула қолданылады.
Моменттік динамикалық (өсіңкілік) қатарда, қарастырылып отырған мезгілдердің аралығының ұзақтығы бірдей болса, онда орташа деңгейді хронологиялық орташаның формуласымен анықтайды:



мұнда Х1, Х2,...Хn- қатар деңгейлері; n- деңгейлердің саны.

Егер қарастырылып отырған күндердің аралығының ұзақтығы бірдей болмаса, онда моменттік қатардың орташа мәні өлшенген арифметикалық шаманың формуласымен анықталады:





мұнда t- қатардың деңгейі өзгермей қалатын уақыттар.

Динамикалық қатарды талдау жөніндегі өте маңызды бағыттардың біріне қарастырылып отырған уақыт кезеңдерінде, динамикалық қатардың: өсу қарқыны, абсолюттік және салыстырмалы өрлеу қарқыны, 1%-ға өрлеу қарқынының салыстырмалы мәні, сонымен қатар орташа өсу қарқыны және өрлеу қарқыны арқылы зерттеліп отырған құбылыстың даму ерекшеліктерін оқып, талдау жатады.


Орташа геометриялық мәнді есептейтін формула арқылы жылдық орташа өсу қарқынын анықтайды, яғни:



мұнда орташа өсу қарқыны;
тізбектік өсу коэффициенті.

Жыл сайынғы өсу коэффициенті туралы мәліметтер болмаса, онда орташа өсу қарқыны мына формула арқылы табылуы мүмкін:



мұндағы Х1- бастапқы деңгей;
Хn- ақырғы деңгей;
n- деңгейлер саны.

Қатардың әрбір деңгейін алдыңғы деңгеймен салыстырса- тізбектік, ал әрбір деңгейді тек бір деңгеймен (базалық) салыстырғанда базистік көрсеткіштер алынады.


Динамикалық (өсіңкілік) қатардың абсолюттік өсу (кему) жылдамдығын анықтау ушін арнайы статистикалық көрсеткіш – абсолюттік өрлеу (Δ) есептелінеді. Оның шамасы салыстырып отырған екі деңгейдің айырымына тең. Ол мына формулалар арқылы анықталады: - тізбектер үшін және - базистік көрсеткіштер үшін, мұндағы уi- і-ші жылдың деңгейі; у1- базистік жылдың деңгейі.
Динамикалық (өсіңкілік) қатардың деңгейінің өзгеру жиілігі ағымдағы деңгейдің алдыңғы немесе базистік жылғы деңгейге қатынасымен бағаланады. Бұл қатынас әрқашанда оң сан болуы тиіс. Осы көрсеткішті өсу қарқыны (Тр) деп атайды. Көрсеткіш пайызбен өлшенеді, яғни:
, немесе .
Өсу қарқыны коэффициент түрінде р) өрнектелуі мүмкін.Мұндай жағдайда, өсу қарқыны қарастырылып отырған деңгей базистік деңгейге қарағанда қанша есе көп екенін немесе оның қанша бөлігін базистік деңгей құрайтынын көрсетеді.
Динамикалық (өсіңкілік) қатардың деңгейлерінің абсолюттік өрлеу қарқындарының өзгеру шамаларын қатынастық шамалармен анықтау үшін өрлеу қарқыны (Тnp) деген түсінік енгізілген. Ол абсолюттік артудың алдыңғы немесе базистік жылғы деңгейге қатынасымен есептеледі, яғни:
немесе .
Өрлеу қарқыны өсу қарқынынан 100%-ды алып тастаған мәнге тең, яғни: Тnp=Tp-100.
Бір пайыз (1%) өрлеу қарқынының абсолюттік мәні абсолюттік өрлеуді оның өрлеу қарқынына бөлу арқылы анықталады, яғни:
немесе .
Ескерту: Тек тізбектік негізде есептегенде көрсеткіштің экономикалық мәнісі бар.
Бір мысал қарастырайық. Төмендегі кестеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Нұр-Әли кәсіпорынында қияр өсіретін егіс ауданының динамикасы келтірілген:

Жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

Қияр өсіретін егіс ауданы, га

71,7

76,9

106,1

116,9

122,8

Қарастырылып отырған динамикалық (өсіңкілік) деректерге талдау жасау үшін мыналарды анықтайық:



  1. бес жылдық (өндірістің) орташа көрсеткіштерін;

  2. әрбір жыл бойынша және базистік жылға абсолюттік өрлеу қарқындарын, сонымен қатар өсу және өрлеу қарқынын;

  3. бір пайыз өрлеу қарқынының абсолюттік мәнін;

  4. орташа жылдық абсолюттік өрлеу қарқынын;

  5. бір жылдағы орташа өсу және өрлеу қарқынын;

  6. бір пайыз өрлеу қарқынының орташа мәнін.

Алынған мәндерді талқылайық және кестеде (немесе графикалық түрде) келтірейік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет