1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на қабылдауы
2.Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері. 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы Саммит – дүниежүзілік маңызы бар оқиға.
3. Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының құрылуы және қызметінің басталуы, оның маңызы.
4. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуі.
Дәрістің мазмұны:Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на қабылдауы. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы және егемендігі. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы. ҚР-ның Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК, 1992 ж.) ұйымдастыру бойынша бастамасы. Қазақстанның Батыс-Шығыс мәдениаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі. ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері. 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы Саммит – дүниежүзілік маңызы бар оқиға. Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының құрылуы және қызметінің басталуы, оның маңызы. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру. БЭК-тің келешегі. Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына кірудегі перспективалары. Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары. Соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамалар. Қазақстанның Батыс пен Шығыстың өркениет аралық және мәдениет аралық диалогты және өзара сенімділікті нығайту инициативасын дамытудағы үлесі. 1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.
ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз Бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы.
Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты